Бүгін Шымкент қаласында орналасқан ҚР Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің құрылғанына 26 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті.
«Бүркіт» арнайы бөлімшесі 1999 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматы қаласында тұрақты орналасқан ішкі әскерлердің дербес бөлімшесі ретінде құрылған болатын. Сол уақыттан бері «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшелері Ұлттық ұланның ажырамас бөлігіне айналып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, арнайы операцияларға қатысу және жоғары жауынгерлік дайындықты сақтау сияқты маңызды міндеттерді атқарып келеді.
Салтанатты шарада 6506 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы бөлімше әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы және 6506 әскери бөлімі командирінің құқықтарымен марапатталды.
Құттықтау сөзінде штаб бастығы – бөлім командирінің бірінші орынбасары полковник Нұрлыбек Елеусізов атап өтті:
– «Бүркіт» – бұл жай ғана бөлімше емес. Бұл – Ұлттық ұланның элитасы. Оның жауынгерлері күн сайын өздерінің кәсіби шеберлігін, төзімділігі мен күрделі тапсырмаларды орындауға дайындығын көрсетіп келеді. Баршаңызды осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтап, ел мен қызмет жолындағы табыстарды тілеймін! — деді Нұрлыбек Сунятсонович.
Іс-шараға бөлім ардагерлері мен өзара іс-қимыл жасайтын құрылымдардың өкілдері қатысып, жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтап, қызметтері үшін алғыс білдірді.
Мерекелік шара әскери бөлімнің шығармашылық ұжымдары мен шақырылған әртістердің қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен аяқталды.
