• 15 марта, 2026 4:40 дп

ШЫМКЕНТТЕ ҚХА БЕЛСЕНДІЛЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

Автор:admin

Мар 15, 2026

 

Бүгін Шымкенттегі Достық үйінде орналасқан №4 референдум учаскесіне келген дауыс берушілерге қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Азаматтық міндетін орындау үшін Достық үйіне бас сұққан азаматтарға ассамблея ардақтылары осылайша құрмет көрсетіп, қазақ халқының қуанышты сәтте жасалатын игі салтын жұрт назарына ұсынды.
Референдум учаскесіне жақын маңайда тұратын ҚХА мүшелері халқымыздың салт-дәстүрін меңгерумен қатар, топтала келіп, дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.

Азаматтық белсенділіктің қоғам игілігі үшін маңыздылығын дәріптеп жүрген ҚХА белсенділері кәмелет жасқа толған әрбір қазақстандықтың дауыс беру арқылы ел дамуына қосар үлесі қомақты әрі орасан екенін атап өтті.

Автор: admin