• 20 мая, 2024 9:59 дп

Шымкентте ішкі жолдар жаңарып жатыр!

Автор:admin

Сен 1, 2023

Əрине, «жол қадірін жүрген білер» демекші, елді мекендердің ішкі жолдары жаңарған сайын халық қуануда.     Жалпы, биыл 223 нысан пайдалануға берілсе, 2 нысан 2024 жылға өтеді. Қаладағы құрылысы маңызды көшелердің бірі – Республика даңғылы мен Рысқұлов көшесі. Республика даңғылының жалпы ұзындығы – 5,3 шақырым, ені 2х14м болса, нысанның жалпы сомасы 2 394,0 млн теңгені құрайды. Ал Т.Рысқұлов көшесінің жалпы ұзындығы – 4,2 шақырым, ені – 2х7м. Бұл құрылыс жұмыстары А.Байтұрсынов пен әл-Фараби көшесі аралығында жүргізілмек. Сонымен қатар қаладағы тағы бір маңызды жол жөндеу жұмыстарының бірі – А-2 «Хоргос–Алматы–Шымкент–Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолы Бадам өзені үстінен өтетін көпірді қайта құру учаскесінің ІІІ кезең жұмыстары. Аталған көпірдің ұзындығы – 144 м., ені – 28,2 м. Бұл жоба 2024 жылы толық аяқталып, қала тұрғындарының игілігіне берілмек. Қаладағы Қайтпас 2 шағынауданындағы Сырым батыр көшесі мен Байтұрсынов көшесінің бөлігі, сондай-ақ Рысқұлов, Жангелдин көшелерінде де  жұмыс қыза түскен. Биыл бұл мақсатқа 27 миллиард теңге қарастырылып отыр. Тұрғындарды мезі еткен Қайнарбұлақ елді мекеніне апаратын Сырым батыр көшесінде де қазір асфальт төселіп, тротуарлар жөнделуде. Осы жұмыстарға қазынадан  423 миллион  теңге қаралыпты. Байтұрсынов көшесінің шағын бөлігіндегі  топырақ жол асфальтталып, жаяу жүргіншілер жолы жаңалануда, ирригациялық жүйелер қалпына келтірілмек. Иә, дәл қазіргі таңда қалада эпидемиялық ахуал күрделі. Алайда халықтың тұрмысына қолайлы жағдай жасау да маңызды шаруаның бірі. Сондықтан тиісті сала  қиындыққа қарамастан, өздеріне бекітілген жұмысты дер кезінде бітірудің амалын қарастырған. Тіпті, қазір жұмысшылар да тапшы болып тұр. Жол жөндеу жұмыстарына қазіргі таңда 2 300-дей адам  тартылған. Бүгінде Шымкент қаласының бірқатар жоспарлы жол жөндеу жұмысы аяқталып, іске қосылған. Олардың қатарына ұзындығы 0,290 шақырым, ені 5 метрді құрайтын Шаңырақ шағынауданы, Атамұра көшесін орташа жөндеу жұмыстары кіреді. Сондай-ақ ені 4 метр, ұзындығы 0,072 шақырым болатын Бетховен, ұзындығы 0,250 шақырым, ені 5 метрді құрайтын Орманшы тұрғын алабындағы  Төлеби көшесінің орташа жөндеу жұмыстары аяқталып,  пайдалануға берілді.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin