• 15 мая, 2024 3:43 пп

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ӨҢІРЛІК ӨНІМДЕГІ ҮЛЕСІ 41,6%-ДЫ ҚҰРАДЫ

Автор:admin

Июн 1, 2023

Шымкент қаласында былтырғы жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 41,6%-ды құрады. Бұл көрсеткіш мемлекеттік бағдарламалар аясында ұлғайып отыр, жыл сайын бюджеттен арнайы қаражат бөлінеді.  Бизнесті қолдауға бағытталған барлық бағдарламалардың принциптері кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады. Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсету бойынша тиісті қаржы бөлініп, 2022 жылы 4891 жоба қолдау тапқан болатын.  Ал биылғы жылдың басынан бері 2 056 жобаға қолдау көрсетілді. Атап айтқанда: «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде 1 922 жобаға қолдау көрсетілді. «Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 134 жобаға қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер үшін жергілікті және мемлекеттік бағдарламалар бойынша барлық кеңестер «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисі арқылы көрсетілуде. Ұлттық экономиканың салалық құрылымындағы сияқты, жұмыспен қамту саласында да осы заңдылықтар байқалады, ауыл шаруашылығында қызмет ететіндер үлесі күрт  қысқарады да, өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек ететіндер үлесі артады. Қазіргі кезеңде ұлттық экономиканың құрылымына ғылыми-техникалық революция шешуші ықпал етеді. Ғылыми-техникалық рефолюция қоғамның өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр. Ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды элементтерінің біріне айналып отыр. Ұлттық экономика және оның қызмет ету деңгейі барысында қоғамның басты өндіргіш күші – адамның өндіріс процесіндегі ролі мен орны түбегейлі өзгереді. Техника дамуының әр қилы тарихи кезеңдерінің критерийі атқарушы қызметтің адамнан техникаға көшуі, осыған сәйкес адамның машинамен байланысының технологиялық әдісі түбірлі өзгеріске ұшырады.

Jsk ақпарат

Автор: admin