• 24 ноября, 2025 8:41 дп

Шымкентте тәртіп сақшылары оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді

Автор:admin

Ноя 14, 2025

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетке адам мен азаматтың құқықтары және бостандықтарын қорғау міндетін жүктейді. Мемлекеттің бұл міндетін орындауда құқық қорғау органдары басымдық рөл атқарады. Олардың тиімділігі көп жағдайда құқықтық реттеу дәрежесіне, құқық қорғау органдары мен мүдделі мемлекеттік органдардың ақпараттық өзара іс-қимылының тиімділігіне, олардың қызметін бағалау мен жетілдіруге байланысты. Биылғы 30 маусымда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде – жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру тағы бір маңызды мәселе екенін атап өтті, бұл құқық қорғау органдарының үнемі назарында болуы керек. Президент соңғы үш жылда елімізде жол-көлік оқиғаларының саны 9%-ға артқанын атап өтті. Оның ішінде 6,5 мыңнан астам адам қаза тауып, 55 мың астамы жарақаттанған. «Бұл еліміз үшін нағыз трагедия. Біз әрқашан және барлық жерде адамдардың өмірі мен денсаулығы – ең маңызды екенін мәлімдейміз. Сондықтан қазіргі жағдайды түзету үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет» екенін атап өтті. Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі – жол қозғалысы ережелері бұзылған немесе сақталмаған жағдайда қалыптасқан жеке адамдар денсаулығына зиян келтірген немесе материалдық тұрғыдан және жол жүру үрдісін бұзған оқиға.  Көлік құралдарының жүргізушілері жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің белгіленген талаптарын сақтамауынан – 116 факті тіркелген, және жаяу жүргіншілерге жол қозғалысының басқа қатысушыларына жол қозғалысы кезінде артықшылық бермеудің 59 фактісі тіркелген. Осы орайда жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында Шымкенттік тәртіп сақшылары оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді, – деп хабарлайды jsk.kz ақпараттық агенттігі. «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы Шымкент  қаласы полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторлары мен ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері аудан аумағындағы мектептерде профилактикалық дәрістер өткізді. Атап айтқанда, №44 мектепте оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша дәріс ұйымдастырылды. Балаларға жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, жолда жүру мәдениеті және жол апаттарының алдын алу шаралары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар Еңбекші ауданында орналасқан өзге білім беру ұйымдарында да «Жасөспірімдердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы» тақырыбында профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Полицейлер оқушыларға жолда абай болу, бағдаршам мен белгілерді дұрыс пайдалану қажеттігін атап өтті. Мұндай шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin