• 10 мая, 2025 2:02 дп

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КАРТА ӘЗІРЛЕНГЕН: 15 САЛА БАҚЫЛАУДА

Автор:admin

Ноя 3, 2024

Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүйелі сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған 15 саланы қамтитын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің карталарын әзірледі. Білім, медицина, жер қатынастары, тұрғын үй, әлеуметтік қамту, мемлекеттік сатып алу, құрылыс, жол, бизнес, сейсмология, сот және полиция сияқты бағыттарды қамтыған бұл карталар алдын алу және жедел тергеу жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жер учаскелерін беру мен алу мәселесі ерекше бақылауға алынған. 2020-2024 жылдар аралығында Шымкент әкімдігі 28 млрд теңге сомасына 269 гектар аумақтағы 1 541 учаскені мемлекет мұқтажы үшін сатып алды. Сонымен қатар, 5 717 гектар аумақтағы 4 579 учаскені алу туралы шешім шығарылған. Алайда бұл шешімдердің 3 мыңнан астамы әлі орындалмаған. Талданған мәліметтер көрсеткендей, мұндай кідірістер жер учаскелерінің қымбаттауы, меншік иелерінің өзгеруі және шұғыл сатып алу қажеттілігіне байланысты туындаған. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлықты азайту үшін жер қатынастарындағы процестерді цифрландыруды, арнайы онлайн-тізілім құруды және халық пен бизнеске оған қолжетімділікті қамтамасыз етуді ұсынды. Бұл шаралар жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлықты азайтуға, сондай-ақ Шымкент қаласының әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin