• 25 апреля, 2024 12:26 дп

“Аманат” “Қазақстан кәсіподақтар достастығы” республикалық кәсіподақтар бірлестігінің ұсынуымен, Орталық сайлау комиссиясының талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер ретінде Мейрам Қажыкеннің кандидатурасы өтті. Үміткердің Шымкенттегі сенімді адамы Жансейітов Серғали мен жергілікті сайлауалды штабының жетекшісі Б.Баймырзаев. Саяси науқан барысында 28 қазан күні президенттікке кандидат М.Қажыкеннің Шымкент қаласындағы өкілдері “ПКОП” ЖШС-де болып, еңбек ұжымымымен кездесті. Жиын барысында М.Қажыкеннің өкілдері үміткер ұсынған бағдарлама мен реформалар жөнінде баса айтып, алдағы міндеттерді жеткізді. Кездесуге 40-қа жуық адам қатысты. Қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары назарға алынып, ел болашағы үшін еңбек ету керектігі айтылды.

Автор: admin