• 20 мая, 2024 6:48 дп

Шымкентте салынып жатқан жолайрық көлік қарқындылығын 45 мыңға ұлғайтады   

Автор:admin

Окт 1, 2023

Аталған жобалардың жалпы құны 28,7 млрд. теңгені құрайды. Шымкент жолдарында көлік кептелістерін болдырмау мақсатында 4 жолайрықтың құрылысын жүргізу жоспарлануда, деп хабарлайды JSK.KZ. Бүгінгі таңда, екі жолайрықтың яғни, Рысқұлов көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысында жолайрық пен Бәйдібек би-Арғынбеков-Назарбеков-Н.Назарбаев даңғылдарының қиылысында жолайрық құрылысы жүргізілуде. Аталған жобалардың жалпы құны 28,7 млрд. теңгені құрайды. Осы жылы Рысқұлов көшесі мен Қонаев даңғылы қиылысындағы жолайрықтың құрылысы аяқталған кезде көлік қарқындығы 15000 көлік/тәулігінен 45000 көлік/тәулігіне ұлғайады. Ал, Бәйдібек би-Төлеметов даңғылдарының қиылысында жолайрық және Жібек жолы мен Сайрам көшелерінің қиылысындағы екі жолайрықтың бүгінде жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жол жағдайы – ерте заманнан маңыздылығын жоғалтпай келе жатқан мәселенің бірі. Ата-бабалар жылқы мен түйе малын тізгіндеп алыс елдермен сауда-саттық, дипломатиялық байланыс орнатқан болса, бүгінгінің олардан айырмашылығы көлігінде ғана. Нақтырақ айтсақ, жол қатынасы ел экономикасын дамытуға, жолаушылар тасымалын жақсартуға, кәсіпкерлікті дамытып, жүк тасымалын ұлғайтуға, сондай-ақ халықаралық, елішілік қатынастың артуына айрықша әсер етеді. «Жол қадірін жүрген біледі» деген мақал да оның машақатын түсінгендер тарапынан айтылса керек. Ал мұндай олқылықты болдырмау – бүгінгі заманның талабы. Қазалы ауданы көшелерінің 62 проценттен астам бөлігі жақсы жағдайда деу­ге толық негіз бар. Мұндағы маңыздылығы жоғары автомобиль жолдарының көлемі 406 шақырымды құрайды. 184 шақырым жолға асфальт төселген. Оның 141 шақырымына қиыршық тас төселген болса, қалған бөлігі топырақты жолдар санатына жатады. Бұл жолдарды күтіп ұстау, қайта жөндеу жұмыстарының жыл санап маңыздылығы артып келеді. Мәселен қалаға қарасты жолдардың жағдайын жақсарту мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен көлемі 16,15 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінген. Бұдан бөлек орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс 68 шақырым жол жоспарға енген.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin