• 29 марта, 2024 12:26 пп

Шымкентте пробациялық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Автор:admin

Апр 28, 2023

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының Абай ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімшесінде пробация қызметі есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Аталмыш шараға «Qut-Bereke» ЖШС, «VIBE RECORDS» ЖШС, «Фронт лайн» ЖШС, «AZALA COTTON» ЖШС, «BALANS Outsourcing KZ» ЖШС, «Karlskrona LC AB» ЖШС тағы сол сияқты 15 жұмыс беруші мекемелері қатысты. Жәрмеңкеге келушілерге Шымкент қаласы бойынша ашық 200-ге тарта жұмыс орындары ұсынылды.

Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары тарапынан келушілерге жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар, тегін қысқа мерзімді оқыту, өз кәсібін ашу мақсатында қайтарымсыз грант алу бағыттары бойынша кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

Жәрмеңкеге қатысушы жұмыссыз азаматтар саны 35-ке жуық болса, олардың 12-і жәрмеңке нәтижесінде тұрақты жұмыс орнынына жолдама алып, кәсіптік оқыту бағдарламалары бойынша 6 азамат оқуға ниет білдіріп, құжаттарын тапсырды.

Автор: admin