• 26 апреля, 2024 5:44 пп

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР ҚАРАЛДЫ

Автор:admin

Авг 9, 2021

Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша тиісті ұсыныстар енгізіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді.
Осы ретте, қалалық полиция департаментінің жеке құрамымен онлайн режимде жиын өтті.
Шараға Департамент басшысының орынбасары Б.Ұзынжас және полиция департаменті бастығының орынбасары А.Бейсенбаев қатысты.
Кездесу барысында полиция департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде бірқатар ұсынулар талқыланды.
Атап айтқанда, қылмыстық құдалауды тоқтату бойынша пара талап ету, азаматтардың арыздарын тіркемеу және олар бойынша түпкілікті шешім қабылдамау, пара алу деректері бойынша қылмыстық істер қаралды.
Іс-шарада қылмыстық істердің мән-жайы, сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол беретін бірқатар себептер мен жағдайларын талқылаумен қатар, еңбек ұжымдарында парасаттылық қағидаттарын – адалдық, әділдік, әдептілік құндылықтарын енгізуге баса назар аударылды.
Осы ретте алдағы уақытта полиция қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу, қылмыстық іске қатысты қызметкерлер мен олардың тікелей басшыларының атқарып отырған лауазымынан босатуға дейін жауапкершілігін қарау ұсынылды.

Jsk ақпарат

Автор: admin