• 26 апреля, 2024 11:02 пп

Шымкентте пилоттық ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ жобасы өз жемісін береді ме?!

Автор:admin

Мар 9, 2023

ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ, КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ТҮРІН АЛУ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРЕТІН «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖАРШЫ»

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2022 жыл 1 қыркүйектен бастап пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасын енгізу басталды. Іс жүзінде Карта — әлеуметтік мәртебесіне байланысты, кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алу құқықтары туралы ақпарат беретін азаматтардың күн сайынғы «электрондық жаршысы» болып саналады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің проактивті форматының жаңа құралы. Яғни, мемлекет ақпараттық жүйе арқылы азаматқа тиісті органдарға жүгінбей-ақ мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуды өзі ұсынатын болады.

Автор: admin