• 26 апреля, 2024 12:55 дп

Шымкентте кәсіпкерлік пен халықты нәтижиеслі жұмыспен қамту шаралары жалғасуда!

Автор:admin

Май 10, 2023

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 25 531 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, 24 366 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан (95,4%). Бағдарламаны жүзеге асыруға 7 799 129,0 мың теңге қаралды (республикалық бюджет – 4 293 166,0 мың теңге, қалалық жергілікті бюджет – 3 505 963,0 мың теңге). Бөлінген қаржының 4 715 012,4 мың теңгесі игерілген (60,5%).

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету) 3 196 адамды оқуға жолдау жоспарланған. Оның ішінде: — 1 196 адам техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 9-11 сынып бітірушілер, кәсіптік білімі жоқ, оқу орындарына түспеген 1 196 азаматты оқуға жолдау жоспарланды (оқу мерзімі орта есеппен 2 жыл 5 ай). Оқу 2020 жылдың 1 қыркүйегінен басталды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2000 адам жоспарланған болатын. Яғни, 32 білім беру ұйымына 21 мамандық бойынша 2 000 адам оқуға жолданып, жоспар 100% орындалды. Оның ішінде 1 010 адам 9 оқу орнына жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес, 990 адам

23 оқу орталығына оқу ваучері бойынша оқытылады. Кәсіпорын жанынан ашылған оқу орталықтары «Әлем» орталығынан — жеңіл өнеркәсіпті, «Біржан-Самұрық» орталығынан «Тігінші» мамандығы игеріп шықты.

Екінші бағыт — «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша жалпы 6 819 адам қамтамасыз ету жоспарланды, бүгінде нақты 4 816 адам қамтылды. Оның ішінде: «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1 850 адам кәсіпкерлік негіздерге оқыту, нақты бірінші ағыммен 2 820 адам оқуға жолданса, 55 адамға шағын несие беру жоспарланып, ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қорымен келісімшарт түзіліп, 67 адамға шағын несие берілді. 4 914 адамға грант беру көзделіп, 1 929 адамға 200 АЕК мемлекеттік грант берілген.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша 15 516 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, бүгінге 16 354 адам жұмыспен қамтылып көрсеткіш 105% болып отыр. Оның ішінде:

— 8 510 адам бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланып, бүгінде 6 936 адам тұрақты жұмысқа орналасты (81,5%);

— 2807 адам жаңа жұмыс орындарна орналастыру көзделсе, қазір 1 606 адам жұмысты болды(57%);

— 250 адам әлеуметтік жұмыс орындары, нақты 338 адам (135%);

— 1 216 адам жастар практикасы, нақты 2 637 адам (217%);

— 2 733 адам жоспар ақылы қоғамдық жұмыстарға, нақты 4 837 адам жолданды (177%).

 

Jsk ақпарат

Автор: admin