• 24 ноября, 2025 5:46 дп

ШЫМКЕНТТЕ “ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Ноя 20, 2025

Интернет – алысты жақындатып, өмірімізді жеңілдетіп отырған құрал. Дегенмен, оның да кемшін тұстары жоқ емес. Алаяқтар үшін интернет қарапайым адамдарды алдаудың жаңа құралына айналып үлгерді. Сол үшін де интернет-алаяқтық жаңалық емес. Интернет жеке деректерді ұрлау және қаржылық алаяқтық жасаудың ең танымал құралдардың біріне айналды. Интернет-алаяқтық заманауи технологиялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оны киберқылмыстың бір түрі деп есептеуге болады. Интернеттегі алаяқтардың мақсаты – заңсыз жолмен басқалардың ақшасы мен мүлкін ұрлау. Алаяқтықтың бұл түрі Интернет қызметтерін немесе оған қосылған бағдарламаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Интернет-алаяқтардың жымысқы әрекетінен әлемде қаншама адам қаржылық шығынға батып жатыр. Оған тосқауыл жоқ, десе де одан қорғанудың жолдары бар. Интернет-алаяқтық материалдық шығыннан бөлек моральдық шығынға да ұшыратады. Бұл алаяқтың кәсіби деңгейі мен тәжірибесіне байланысты. Сіз кез келген уақытта қандай да бір жолмен онлайн-алаяқтықтың құрбанына айналып кетуіңіз мүмкін. Сол себепті, барынша абай болу керек және жеке деректердің қауіпсіздігін бақылап отырған жөн. Сонымен қатар құмар ойынның құрығына түсіп, құтылар жол таппай құзға құлағандар қазір қылмыс әлемінің табалдырығын таптап жүр. Дерек керек болса айтайын, өткен жылы 157 мыңнан астам қылмыс жасалса, соның 20 пайызы құмар ойынға құныққандардың мойнында екен. Суицид жасаған 3 676 адамның әр бесіншісі лудомания дертіне шалдыққан деген ақпарат келді. Құмар ойын бір адамның өмірін талқан етумен тоқтамайды, оған дәлел –  елімізде ажырасқан 10 отбасының жетеуіндегі жанжал лудомания дертіне шалдыққандардың шатағынан шыққан Осы орайда Шымкент қаласының Орталық Азия инновациялық университетінің студенттерімен «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.  Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаментінің іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Қанатұлы Карбеков және Шымкент қаласы заңгерлер палатасының заңгері, заң консультанты Нұрлан Альжанұлы қатысты.  Спикерлер жастарға құқықтық сауаттылықтың маңызын түсіндіріп,лудомания, интернет-алаяқтық, киберқылмыс, есірткіге қарсы күрес, құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыптарында кеңес берді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin