• 24 апреля, 2024 1:41 пп

Шымкентте жаңа кәсіпорындар көбейді!

Автор:admin

Май 26, 2022

Бизнесті қолдау үшін «Өнімділік — 2020», «Инвестор — 2020», «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламалары қабылданды. Ондаған жаңа қолдау құралдары әзірленіп, іске қосылды: жеңілдікті несиелер және лизинг, инновациялық, экспорттық гранттар, сервистік қолдау және т.б. Бүгінде жеке кәсіпкерлерге 100-ге жуық қолдау құралдары қолжетімді. Бағдарламаны іске асыру Қазақстан экономикасы үшін бірқатар оң қорытындылар әкелді. Өңдеу өнеркәсібіндегі экспортталатын тауарлар номенклатурасы 21%-ға артты. Аккумуляторлар, темірден немесе қоспасыз болаттан жасалған жазық илем, қоспасыз алюминийден жасалған сым тәрізді жаңа экспорттық тауарлар пайда болды. Жалпы, Қазақстанда өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар ағымының оң динамикасы байқалып отыр. 2018 жылы Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары негізгі капиталға тартқан инветсициялар көлемі 1 242 млрд теңгені құрады, бұл 2010 жылғы деңгейден үш есе артық (413 млрд теңге). 2010-2018 жылдары инвестициялардың ең көп көлемі металлургия өнеркәсібінен — барлық кезеңдегі инвестициялардың жиынтық көлемінен 34,6%, кокос және мұнай өңдеу өнімдері өндірісінен – 23,9%, басқа да бейметалл минерал өнімдерден – 9,5%, химия өнімдерінен – 8,5%, азық-түлік өнімдерінен — 7,7% келіп түсті. Осы орайда Шымкент қаласы «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «Аlem luxury» ЖШС-нің құрылысы жуырда аяқталды. Жиһаз өндіруге бағытталған фабрика жылына 5 мың өнім өндіруге әлеуеті бар. Жобаны жүзеге асыруға 500 млн теңге тартылған. Қала әкімі Мұрат Әйтенов индустиалды аймақты аралау барысында кәсіпорынның жұмысымен танысты. Келесі нысан – «DentaFill Kazakhstan» ЖШС. Дәрілік және гигиеналық заттарды өндіретін  компания жылына 10 млн дана өнім шығаруға әлеуеті бар. Бүгінде нысанның құрылысы аяқталып, қажетті құралдармен жабдықталуда. Одан кейін М.Әйтенов «Smart eng» жиһаз фабрикасында болды. Жылдық әлеуеті 120 мың жиһаз өндіретін кәсіпорын жақын арада ресми түрде өз жұмысын бастағалы тұр. Нәтижесінже 100 адам жұмыспен қамтылмақ. Аумағы 2 га жерге орналасқан фабриканың құрылысы 2021 жылы басталып, оған 750 млн. теңге инвестиция тартылған.

–Кәсіпорын ашуға ықылас білдірген кәсіпкерлердің барлығына өз тарапымыздан түрлі бағытта қолдау көрсетуге дайынбыз. Қаламызда зауыт, фабрикалардың көптеп салынуы қала экономикасына оң әсерін тигізумен бірге, азаматтарымыз тұрақты жұмыспен қамтылады. Ендігі кезекте жұмысшылардың еңбек шарттарында көрсетілген барлық қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілуі керек, -деді қала әкімі.

Jsk ақпарат

Автор: admin