• 26 апреля, 2024 6:24 дп

Шымкентте «ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫ» АЯСЫНДА 857 ПӘТЕР ҮЛЕСТІРІЛМЕК

Автор:admin

Май 24, 2022

Ел басшылығының шешімі бойынша жұмыс істейтін жастарды қолдау мақсатында алдағы 3 жылда Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 3 мың пәтерден беріледі. Бұл баспананы берудегі басты мақсат — жұмыс істейтін жастарға жеке баспана алуға қаражат үнемдеуге мүмкіндік беру. Бұл шара әлеуметтік жағынан осал топтарға қолдау білдіруді көздемейді. Негізгі міндет — жұмыс істейтін жастарды қолдау. Мұнда бес негізгі қағидаға сүйене отырып іріктеледі: жасы 29 жастан аспаған, жұмыс істейтін, өз меншігінде баспанасы жоқ, жинақ жасау үшін депозиттік шоты болуы керек, сонымен қатар 100 мың немесе одан жоғары кірісі бар болуы керек. Мұндағы есептеу тұрғын үй 5 жыл мерзімге беріледі деген негізде жасалған. 5 жыл ішінде баспана бағасы 10 мың теңге шамасында болады және коммуналдық қызметтер үшін – 20 мың тг. Жастар өз қажеттіліктеріне 60 мың теңге шамасында жұмсайды деп болжадық. Қалған 20-30 мың теңгесін ол ай сайын жинап отырады. Сонда 5 жыл ішінде мемлекеттік сыйақы, депозит пайызын есептемегенде 1,8 млн теңгеге жуық қаражат жинайды. Бұл сома жеке тұрғын үйін сатып алуға жетуі тиіс. 2 млн теңге — бұл «7-20-25» бағдарламасы бойынша да алғашқы жеке баспананы сатып алуға жеткілікті сома. Осы логикаға сәйкес осындай талап қойылды. Адамдар құжаттарын тапсырғаннан кейін, қараша айынан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында баллдық жүйе бойынша баспана бөліне бастайды. Баспана саны шектеулі, үміткерлер саны одан әлдеқайда көп болуы ықтимал. Іріктеу критерийлерін белгілеу үшін, түсініспеушіліктер орын алмауы үшін біз баллдық жүйені енгіздік. Егер жас қыз тұрмыста болса, онда оған қосымша балл қосылады. Балалардың болуы – тағы қосымша балл. Жұмыс өтілі жоғары болған сайын, мүмкіндік арта түседі. Депозиттегі ақшаның да басқалардан ертерек салына бастауы да артықшылық болып саналады. Жұмыста қандай да бір жетістіктерінің болуы — баспана алудағы артықшылықтардың бірі.Биыл Шымкент қаласында  1 605 баспананы сатып алу құқығынсыз, жалға беру жоспарланған. Оның ішінде 857 пәтер жұмыс істейтін жастарға табысталады.  Қазіргі таңда бұл тұрғын үйлерде абаттандыру және инфрақұрылымдық жүйелерге қосу жұмыстары жүргізілуде. Тиісті жұмыстар аяқталған соң тұрғын үй басқармасында конкурс өтеді. Бұл туралы алдын ала құлағдар ету үшін хабарландыру барлық бұқаралық ақпарат құралдарында мен әлеуметтік желілерде жарияланады.  «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы  аясындағы 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы бойынша Шымкент қаласында 2021 жылы  300 жас жалдамалы баспанамен қамтылған. 2020 жылы аталған бағдарлама бойынша – 904 азаматқа пәтер кілті табысталды. Тұрғын үй-коммуаналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз берілген пәтерлер 5 жылдық мерзімге пайдалануға беріледі.

Jsk ақпарат

2524 символ

Автор: admin