• 24 апреля, 2024 10:19 пп

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МАҚСАТЫНДА ҮШ ЖАҚТЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Автор:admin

Июн 4, 2021

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МАҚСАТЫНДА ҮШ ЖАҚТЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛД

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ бағыты аясында жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы, «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және «Asia Trafo» трансформаторлық зауыты арасында өзара бірлескен меморандумға қол қойылды.

«Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен өткен кездесу барысында мемлекеттік бағдарламаның тиімділігіне қызығушылық танытқан тараптар жастар арасындағы техникалық мамандық иелерін «Жастар» практикасы бағыты бойынша мемлекет есебінен ақылы жұмысқа және әлеуметтік жұмыс орындарына тартуға келіссөз жүргізді.

— Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік саясат қазір жан-жақты мағынаға ие. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін азайту үшін барлық шараларды қолға алу жоспарланып отыр. Осы орайда, бүгінгі өзара келісім «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту шараларына тартуға бағытталған- дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры С.Абдуллаев.

Айта кетсек,» «Asia Trafo -«Alageum Electric» компаниясы қазақстандық холдинг құрамына кіретін трансформаторлық жабдық өндіретін ең ірі зауыттардың бірі.

Жалпы, жыл басынан бері 9 мыңнан астам шымкенттіктер жұмысқа орналасқан. Оның ішінде 175 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына орналасып, «Жастар практикасы» арқылы 900-ге жуық жас түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды

Автор: admin