• 20 мая, 2024 7:03 дп

Шымкентте ауыз су мәселесі 2023 жылы толықтай шешіледі

Автор:admin

Окт 1, 2023

Жыл соңына дейін 3 магистралді, 11 ішкі орамдық су жүйелерінің құрылыстары аяқталады. Шымкент қаласы бойынша ауыз су мәселесі 2023 жылы толықтай шешіледі, деп хабарлайды JSK.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл міндеттемені жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Халықты сапалы ауыз сумен қамту ең маңызды әлеуметтік проблеманың бірі екенін айтып келетін қала әкімдігі бұл мәселені шешуді күн тәртібен түсірген емес. Қала ауыз суды 5 су көзінен алады. Су қоры қажеттіліктен 3,5 есе көп. Биыл «Көмешбұлақ» магистралі іске қосылады. Нәтижесінде су жүйелері болмаған елді мекендердегі 60 мың тұрғынға ауыз су жеткізіледі. Жалпы, 250 мың халық тұтынатын ауыз су жүйелерінің сапасы артады. Қазір қаладағы 81 елді мекеннің 69-ы су құбырларымен қамтылған. 5 елді мекенге ауыз су кестемен беріледі, 7 елді мекеннің тұрғындары ауыз суды тасымалдап ішеді. Жыл соңына дейін 3 магистралді, 11 ішкі орамдық су жүйелерінің құрылыстары аяқталады. Нәтижесінде су тасымалына тәуелді және ауыз суы кестемен берілетін 9 елді мекенге ауыз су беріледі. 2022-23 жылдар аралығында тағы 3 магистраль мен 3 ірі елді мекенге су жүйелері жүргізіледі. Шымкент қаласы бойынша ауыз су мәселесі 2023 жылы толықтай шешіледі. «Жер бетіндегі әр түрлі мақсаттарға пайдаланылатын тұщы судың қоры қаншама мол болғанымен, жалпы есеппен алғанда, ішуге жарамды су табиғатта аз. Әлемдегі су ресурсын адамзат баласы қалай пайдаланса да аздық етпейді, бұл жердегі проблема – ағзаға зиянын тигізбейтін таза суда, ішетін ауыз суда болып тұр. Мәселе – тұщы судың мол қорында емес, оның химиялық құрамы қандай элементтерден тұратындығында. Судың адамға қажеттілігін ауамен салыстыруға болады. Таза су ішпеген адамнан дені сау ұрпақ тарамайды. Сусыз ас болмайды, сусыз күн көру мүмкін емес, оны бәріміз білеміз. Адамзатқа алдағы бес-он жылдың ішінде бір амалын таппаса, судың сұрауы қымбатқа түсейін деп тұр. Ішуге жарамды таза су жер қойнауынан шығатын басқа да пайдалы қазбалар сияқты бағалы және шектеулі ресурс, оны жөнсіз ысырап қылмай, жүйелі түрде пайдаланған дұрыс. Жер асты су қорын “нәзік ресурс” деп айтуға болады. Олай дейтінім, қазіргі техниканың, ғылымның өркендеген заманында таза суды оңай құртып немесе бүлдіріп алуға болады. Қазіргі кезде қоршаған ортаға, соның ішінде жер асты суының бүлінуіне, құрып кетуіне табиғи және техногендік процестер зор ықпал етеді.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin