• 24 ноября, 2025 11:36 дп

ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Автор:admin

Окт 18, 2025

Ел қорғау адамзаттың парызы – бұл өзара байланысты жаттығу, күштілік пен көмектестік пендеуге арналған. Елді қорғау, бірталанып, адамзаттың өмірін сақтау жаттығудан туындайтын жағдайда, бірлескен өзара көмек пен жаттығу көмек көрсету үшін күтіледі. Біздің өзара күштігіміз мен көмектестік өмірді жасаушылығымызды мәселеуге аудармапты.   Ел қорғау адамзаттың парызы бізге өз елімізді жаттығудан қамтамасыз ету, адамдар арасында бірге болу жаттығын көрсетеді.  Отан қорғау- әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы. Өзін ер азаматпын деп санайтын кеудесінде ар-намысы, бойында жігері, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы деп білемін. Осы орайда елімізде жыл сайын 19 қазанда кәсіби мереке – Құтқарушылар күні атап өтіледі. Биыл Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Атаулы күннің еліміздің азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылуы мен дамуы тарихындағы маңызы зор.

Мерекелік іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, азаматтық қорғаныс жүйесін нығайтуға елеулі үлес қосқан сала мамандары мен ардагерлерін құттықтады. Салтанатты жиын барысында үздік қызметкерлерге алғыс хаттар мен арнайы көліктердің кілттерін табыс етті.

– Еліміздің қауіпсіздігі мен азаматтардың игілігі жолындағы жанқиярлық еңбектеріңіз – ерлік пен Отанға деген адалдықтың жарқын үлгісі. Сіздер адамдарды құтқару жолында күн сайын өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, борыштарыңызды абыроймен атқарып келесіздер. Осынау мереке күні сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін – деді Ғ.Сыздықбеков.

Қала әкімі, сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған заманауи өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларының көрмесін аралады.

Айта кетейік, қалалық департаментте қазір мыңға жуық адам жұмыс істейді. 10 өрт сөндіру бекетінің мамандары мен жедел-құтқару жасағы жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Сонымен қатар, қала аумағының кеңеюіне байланысты қауіпсіздікті жақсарту, жаңа өрт сөндіру бекеттерін салу, жедел жәрдем мен полицияны біріктіретін заманауи көпфункционалды орталықтарды құруда жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, соңғы жылдары өртке қарсы сынақ зертханасы мен медициналық пункт ашылып, 43 жаңа құрал-жабдық сатып алынды. Құтқарушылардың дайындығын арттыру үшін спорт алаңы мен жаттығу алаңдары әзірленді.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin