• 20 мая, 2024 7:03 дп

Шымкенттегі шалғай аудандар 100 пайыз ауыз сумен қамтылмақ!

Автор:admin

Окт 1, 2023

2023 жылы  Шымкент қаласының тұрғындарын 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту көзделуде. Бүгінде қаладағы 81 елді-мекеннің 78-і  сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 3 елді мекен ауыз суды кестемен тұтынып келеді. Атап айтқанда, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алаптары. Қазіргі таңда қалада ауыз су бағыты бойынша барлығы 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылдың қорытындысымен Құрсай 1,2, Асар-2, Нұртас ВС, Текесу елді мекенінде құрылыс жұмыстары аяқталып, 11 мыңнан астам адам ауыз сумен қамтылады. Нәтижесінде қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %-дан 99%-ға жетеді. Сондай-ақ, ауыз суды кестемен пайдаланатын Сайрам және Қайнарбұлақ елді мекендерін ауыз сумен қамту құрылысы және ағымдағы  жөндеу жұмыстары биыл басталып, 2023 жылы пайдалануға берілетін болады. Өткен 2021 жылы осы бағыттағы 13 жоба аяқталған. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 24,46 шақырымды құрайтын 3 маистралды су құбыры тартылды. Сонымен қатар 10 елді мекенде ішкі ауыз су жүйелерінің құрылысы аяқталған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл міндеттемені жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Халықты сапалы ауыз сумен қамту ең маңызды әлеуметтік проблеманың бірі екенін айтып келетін қала әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері бұл мәселені шешуді күн тәртібен түсірген емес. Қорыта айтқанда Шымкентте ауыз су инфрақұрылымы 2023 жылы толық шешіледіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл міндеттемені жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Халықты сапалы ауыз сумен қамту ең маңызды әлеуметтік проблеманың бірі екенін айтып келетін қала әкімі Мұрат Әйтенов бұл мәселені шешуді күн тәртібен түсірген емес. Қала ауыз суды 5 су көзінен алады. Су қоры қажеттіліктен 3,5 есе көп. Биыл «Көмешбұлақ» магистралі іске қосылады. Нәтижесінде су жүйелері болмаған елді мекендердегі 60 мың тұрғынға ауыз су жеткізіледі. Жалпы, 250 мың халық тұтынатын ауыз су жүйелерінің сапасы артады. Қазір қаладағы 81 елді мекеннің 69-ы су құбырларымен қамтылған. 5 елді мекенге ауыз су кестемен беріледі, 7 елді мекеннің тұрғындары ауыз суды тасымалдап ішеді. Жыл соңына дейін 3 магистралді, 11 ішкі орамдық су жүйелерінің құрылыстары аяқталады. Нәтижесінде су тасымалына тәуелді және ауыз суы кестемен берілетін 9 елді мекенге ауыз су беріледі. 2022-23 жылдар аралығында тағы 3 магистраль мен 3 ірі елді мекенге су жүйелері жүргізіледі. Шымкент қаласы бойынша ауыз су мәселесі 2023 жылы толықтай шешіледі, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin