• 14 мая, 2024 6:53 пп

ШЫМКЕНТТЕГІ «ТОҒЫСТА» ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРУДА

Автор:admin

Окт 12, 2023

Инфрақұрылым барлық өндірістік үдерістің де, белгілі бір аумақтық-экономикалық білімнің де дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың жиынтығы ретінде ұсынылады. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту адам қызметінің экономикалық нәтижелеріне тікелей әсер етеді. Өндірістің нәтижелілігіне әсер ететін факторлар жүйесінде әлеуметтік инфрақұрылыммен анықталатын жағдайларды ескеру қажет. Әлеуметтік инфрақұрылым институттары жұмыс күшін кеңейту, білікті мамандарды тарту және бекіту үшін алғышарттар жасайды. Осы орайда Шымкент қаласының әкімдігінің сала басшылығы қалаға іргелес жатқан Тоғыс тұрғын алабына барып халықпен кездесті, елді мекенде жаңғыртылып жатқан инженерлік инфрақұрылым құрылысын тексерді. Қазіргі таңда мұнда 7500-ге жуық халық тұрады. Мектеп, балабақша, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, спорт және балалар ойын алаңшасы, тағы да басқа әлеуметтік нысандар қарастырылған. Алайда атқарылуға тиіс біршама жұмыстар бар. Солардың бірі — ұңғыма салу. Бұл өз кезегінде Тоғыс, Айнатас, Елтай елді мекеніндегі 11 мыңға жуық халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды. Тоғыстан 73 метрлік су ұңғымасы қазылып, болат құбырлар салынуда. Айта кетерлігі, бұл су ұңғымасы қосымша ұңғыма ретінде жаз айларында қолдану үшін керек. Қала әкімдігінің тексеру барысында жұмыстың белгіленген мерзімінен кешікпей, сапалы орындалуына күш салуымыз қажет деп, жауапты мекемелерден нәтижелі жұмыс көрсетуін талап етті. Жалпы Тоғыс жұрты ауыз судан тапшылық көрмеген. Қамтылу көрсеткіші 98,5 % құрайды. Сол сияқты электр жарығын тұтынушылар да 99%. Биыл 11 абонентті жарықпен қамту үшін жаңадан бағаналар орнатылып, электр желілері тартылды. Табиғи газбен қамтылу көрсеткіші де 98% құрайды, тек жаңақұрылыс аумағындағы 31 тұтынушының мәселесін шешу үшін келесі жылы жобалық сметалық құжаты әзірленеді. Мұндағы жолдарға да аса назар аударылуда. Былтыр 2 көше “Ақмая”мен “Айыршық” орташа жөндеуден өтсе, биыл 4 көшеге асфальт төселді. Жалпы мұнда 18-көше бар. Сонымен қатар осы жылы 2 көше “С.Оспанов” және “Мұнайбарлаушылар” көшесі жарықтандырылды. Тоғыс елдімекенінде 15 000-нан астам халыққа қызмет көрсететін «Togus-med медицина орталығы» — жеке инвестиция есебінен ашылуда. Нәтижесінде Тоғыс, Елтай, Жыланбузған, Маятас, Айнатас халқы осында келіп ем ала алады. Орталықтың бір ауысымдағы сиымдылығы — 200 адам.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin