• 19 апреля, 2024 7:13 дп

Шымкентке экономикалық бағыттарды ұлғайту шаралары үшін инвестициялар мен мемлекеттік бағдарламалар тиімді жұмыс жасауы тиіс!

Автор:admin

Апр 10, 2023

Шырайлы Шымкентте экономиканың басты бағыттарының бірі орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау болып табылады. Еліміздің ертеңі үшін инвестицияларды да уақытылы тарта отырып, жүйелі жұмыстарды реттеу арқылы экономикалық индикаторларды сақтай аламыз. Бұл дегеніміз мегаполистер үшін айтулы жетістіктер санатында болмақ. Себебі қала қаражаты ұлғайып, ел қазынасына құйылатын қаржының саны артады. Ол үшін әлемнің озық елдері жедел түрде индустриалдық даму кезеңінен инновациялық кезеңге көшуде. Бұл көшу базалық салаларда жаңа технологияларды жаппай енгізумен және 4.0 технологиялық тәртіптің қағидатты түрде жаңа болашақ индустрияларын құрумен ілесе жүреді. Әлемде инновациялар көлемі бұрын соңды болмаған қарқынға жетті. Бұл ретте минералды шикізат ресурстары шешуші бәсекелестік артықшылық болудан және елдің табысын кепілдендіруден қалды. Елдің табысы ең озық практикалар мен технологияларды игеру қабілетімен айқындалады. Инновациялар серпілісі жағдайында озық елдердің экономикалық өсу моделінің өзі өзгереді. Бүгінгі таңда бәсекеге қабілеттілік бәйгесінде ұтылып қалмас үшін Қазақстанның ұлттық экономикасы құрылған жоғары әлеуетке сүйене отырып, жедел жаңа экономикалық өсу моделін игеру қажет. Бастысы – шикізат емес, жинақталған өндіріс қорлары емес, қаржылық капитал емес және тіпті инновациялардың өзі ғана емес. Инновациялық экономикада басты даму көзі – бұл адамдар, олардың дағдылары, қабілеттіктері мен құзыреттері. Адами капиталының деңгейі жоғары – бизнес пен инвесторға біліктілігі кез келген деңгейдегі мамандарды ұсына алатын елдер даусыз бәсекеге қабілеттілік артықшылықтарға ие.Салыстырмалы түрде халқы жас, базалық білімі, тұрақтылығы мен келешекке ұмтылысыжақсы бола тұра, Қазақстанның адами капиталының даму әлеуеті күшті. Қазақстанда ХХI ғасырдың сұраныстарына сай, жаңа білім беру индустриясын дамыту үшін маңызды негіз қаланды. «Болашақ» бағдарламасы, «Балапан» бағдарламасы, Назарбаев Университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері, жоғары білім берудің Болон жүйесіне көшуі, үш тілділікті насихаттау, білім беруді цифрландыру – осы жетістіктердің бәрі, сөзсіз, ұлттық адами капиталды күшейтеді және кадрларды даярлауда сапалы серпін жасау үшін мүмкіндіктерді ашады. Адами капиталдың рөлі жетекші болған кезде экономикалық өсудің жаңа моделіне өту – алда тұрған жүйелі реформалардың негізі.

Jsk ақпарат

Автор: admin