• 16 мая, 2024 9:49 пп

Халыққа тиімді болады: Елімізде медициналық қызметтердің тарифі өзгереді

Автор:admin

Апр 29, 2024

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерге тарифтерді кезең-кезеңімен көтеруді бастағанын мәлімдеді.
Министрлік медициналық қызметтердің тиімсіз тарифтерін қайта есептегенін атап өтті.

«Басты мақсат – медициналық ұйымдарға түсетін қаржылық жүктемені азайту және барлық азаматтар үшін жоғары сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету», – делінген хабарламада.

1 маусымнан бастап жүкті әйелдерге , сондай-ақ стационарлық жағдайда жатқан балаларға шұғыл медициналық көмек көрсететін ұйымдар үшін тарифтер көтеріледі.

Құрсақ қуысы хирургиясы, инфекция, неврология, гастроэнтерология, кардиология, травматология-ортопедия, нефрология, эндокринология, онкогематология сияқты басқа да бірқатар салалар бойынша тарифтерді кезең-кезеңімен көтеру жоспарланып отыр.

«Тарифтерді көтеру азаматтардың медициналық көмек алуға өз қалтасынан шығатын шығындарын қысқартады, сондай-ақ медициналық ұйымдардың соңғы жылдары жинақталған инфляциялық шығындарын өтейді және денсаулық сақтау саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді», – деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Бұл мемлекет медициналық ұйымдарға медициналық қызмет көрсетуге байланысты шығындарды кезең-кезеңімен өтейтінін білдіреді.

Сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің тиімсіз шығындарын оңтайландыру нәтижесінде сақтандыру активтерінен бөлінген қосымша қаражаттың жалпы сомасы босатылып, 20 миллиард теңгеге жетеді.

Автор: admin