Республикалық референдум күні тұрғындар ұлттық киім киіп келіп, дауыс беруге қатысты. Мұндай бастама ұлттық дәстүрді дәріптеп қана қоймай, дауыс беру үдерісіне ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.
Ұлттық киім киіп келген азаматтар ел мәдениеті мен дәстүріне деген құрметін паш етті. Бұл шара қоғамда бірлік пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға, тұрғындардың референдумға белсенді қатысуына серпін берді.
