Шымкент қаласының Тұран ауданында 2025 жылы жоспарланған барлық жұмыс толық аяқталды. Аудан бойынша жалпы ұзындығы 60 шақырымнан асатын 118 көшеге жаңа аяқжол салынып, 291 көшеге асфальт төселді. Осылайша жол инфрақұрылымының көрсеткіші 100 пайызға жетті.
Сондай-ақ, 50 көшеде 20 шақырымнан астам ирригациялық жүйе жүргізіліді. Көп қабатты 9 үйдің ауласына мурал салынды, 19 үйдің қасбеті жарықтандырылды. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 19 балалар ойын алаңшасы мен 13 кешенді алаңша пайдалануға берілді.
Ауданда 356 көше жарықтандырылып, бұл көрсеткіш те 100 пайызға жетті. 5 мекенжайда гүлзар салынды, абаттандыру жмұыс толық аяқталып, аудан тұрғындары үшін жайлы, көрікті әрі экологиялық таза демалыс аймақтары ашылды.
