• 11 января, 2026 4:58 пп

Түркістан қаласы: Ассамблея – елдік пен бірліктің ұйытқысы

Автор:admin

Дек 22, 2025

Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Ассамблея – елдік пен бірліктің ұйытқысы» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды JSK.KZ ақпараттық агенттігі. Салтанатты жиынға облыстық ҚХА жанындағы «Ел бірлігі» депутаттық тобының мүшелері, облыстық ҚХА мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің аудан, қалалардағы төрағалары мен мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің төрағасы мен мүшелері қатысты. Мерекелік шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған фотокөрмемен бастау алды. Бірлікке үндеген мерекеде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов құттықтау сөз сөйлеп, Ассамблеяның ел бірлігін нығайтудағы рөліне тоқталды. – Түркістан облысында қазіргі таңда 2 млн. аса адам тұрады. Өңір тұрғындарының 25 пайызға жуығын құрайтын 50-ден аса этностың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Өңірімізде 11 этномәдени бірлестік жемісті жұмыс жүргізуде. Президент тапсырмасымен Түркістан қаласында өткен жылы жаңадан «Достық үйі» ғимараты бой көтерді. Өңірлік Ассамблея тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы мемлекеттік саясатты нәтижелі жүргізіп келеді. Мәселен, биыл жыл басынан бері Түркістан облысында «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында Ассамблея мүшелерінің қолдауымен 58 қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылып, 1 мыңға жуық отбасы мен 1 159 азаматқа көмек көрсетілді. Өңірлік Ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер «Салауатты сана», «Адал азамат», «Елтану», «Мың бала», «Жаңа толқын», «Шаңырақ» жобаларын тиімді іске асыруда. Жалпы Ассамблеяның 30 жылдығы аясында облысымызда биыл 2000-нан аса ұлттық, мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар өткізілуде, – деді басқарма басшысының орынбасары. Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы іс-шарасында белсенділік танытқан азаматтар мен ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің бастамасы аясында бірқатар үлгілі отбасыларға құрмет көрсетілді. Бұл орайда, «Азамат тәрбиелеген отбасы» номинациясымен Сатвалдиевтер отбасы (Сайрам ауданы), «Алтын шаңырақ» номинациясымен Жамаловтар отбасы (Созақ ауданы) және «Күміс кереге» номинациясымен Үркімбаевтар отбасы (Түркістан қаласы) марапатталып, оларға қаржылай сертификаттар табыс етілді. Достық пен тaтулықты дәріптеген мереке мәдениет саласының және этномәдени бірлестіктер өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Этнос өкілдері елді ынтымақ-бірлікке шақыратын патриоттық әндер шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Елімізде соңғы жылдары атқарылған ауқымды өзгерістердің арқасында Ассамблея қызметі жасампаздықтың жаңа сипатына көтерілгеніне баса мән беріліп, мемлекеттік органдар түгелдей дерлік Ассамблея жұмысымен айналысады деп байыпталды. Министрліктерден, облыс әкімдіктері мен барлық деңгейдегі мәслихаттардан бастап ауыл әкімдіктеріне дейін одан шет қалмайтыны жария етілді. Бірлік – мемлекетіміздің іргетасы деп санайтын «AMANAT» партиясы да, татулық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің алтын бесігі болған елімізде, азаматтық жауапкершіліктің ең жоғары үлгісі ретінде ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімді одан әрі нығайта беретін болады. Мемлекет басшысы ұлт бірлігін нығайту, мемлекет тұтастығын сақтау, қоғамдық келісімді қамту бағыттарында бірқатар маңызды міндеттерге тоқталды. «Ассамблея аймақтардағы жұмысты жандандыруы керек. Былтыр еліміздің рухани және тарихи-мәдени ордасы – Түркістанда жаңа Достық үйі ашылды. Енді осындай Достық үйін халық тығыз қоныстанған Алматы облысында салу қажет. Бұл ғимарат аймақтың қоғамдық өмірі үшін өте маңызды орталық болмақ. Түрлі этнос өкілдері тұратын Қордай, Ұйғыр, Сайрам, Панфилов және басқа да аудандарда Ассамблея ашу керек», – деп нақты тапсырма жүктеген Қасым-Жомарт Кемелұлы, Үкімет пен әкімдер Ассамблеяның басқа да жобаларын қоғамдық-саяси жұмыс жоспарларына қосып, нақты шаралар қабылдауы тиіс деп тұжырымдады. Бүгін бірлігі берекелі, тірлігі жарасты Сайрам ауданына жұмыс сапарымен бардым. Бұл аймақ ежелден достық мекені болған қасиетті мекен. Түркістан облысы халқының құрамында 50-ден астам этностың өкілі бар болса, соның 40-тан астамы – осы Сайрам жерінде жарасты тірлік кешуде. Мұндағы 240 мыңнан аса тұрғынның жартысынан астамы – мемлекет құраушы қазақ ұлтымен терезесі тең, керегесі кең ғұмыр кешіп келеді. Мәдени әралуандық тұрғындарды бөлектеп емес, керісінше, біріктіріп отыр. Әр ұлттың өзіне тән еңбекқорлық дәстүрімен аймақтың экономикасы қарыштап дамып, қызмет көрсету саласы өрістеп, өркендеуде.  Сөз қадірін бағалай білген қазақта «Бірлігі бар ел – бақытты ел» деген бағзыдан келе жатқан ұғым бар. «Бақыт қайда барасың? Көршімен болған бірлігі, тағат-ғибадат тірлігі, ұйымшыл елге барамын!» деген мағынасы астарлы сөз де бұрыңғылардан қалған. Бабалардан өсиет боп қалған, халқымызға қасиет боп қонған береке-бірлігіміз – біздің баға жетпес байлығымызға айналған. Тарих табыстырып, тағдыр тоғыстырған халқымыз – құнды қазынамызға баланған. Түркістан топырағында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы көне заманнан бері бауырлас халықтардың бәріне ілім-білім таратқан руханият ошағы саналған киелі Түркістан – ұлы дала өркениетінің мызғымас темірқазығы болғанын атап өтті. Қазақтың бірлігі мен тұтастығының ордасы болған қастерлі шаңырақ болашақта да осы мәртебелі миссиясын атқара береді деген сенімін білдірді. Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идея алғаш рет 1993 жылы Ордабасыда өткен елдік жиында жария етілгені тарихтан мәлім. Осы жылдар ішінде Ассамблея жалпыазаматтық келісім, қазақстандық патриотизм, азаматтар құқықтарының теңдігі, қазақ тілінің біріктіруші рөлі, мәдени әралуандықты сақтау, ұлттық жаңғыру сынды азаматтық бірегейлікке бастайтын істердің ұйытқысына айналды. Ассамблеяның қасиетті Түркістан топырағынан бастау алуы – тарихи сабақтастықты, ұлттық бауырмалдық болмысымызды білдіреді деген сенімдемін. Татулық тұғыры – тұрақтылық дейтін дәстүрді жалғауда партияластарымыз Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе қоғамдық қатынастардың орнықты болуына, өңірде этносаралық келісім үйлесімділігін қамтуда, азаматтар арасында толеранттылық құндылықтарын ілгерілетуде, бейбітшілік пен келісім саясатын жүргізуде іргелі істерді атқарып келеді.  Партия айқындаған басымдықтарды ілгерілетуде өңірдегі 11 этномәдени бірлестіктермен, олардың аудан, қалалардағы 7 филиалы және 14 өкілдіктерімен ынтымақтастық байланыстар орнықтырған. Партия құрылымдары өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан ашылған ақсақалдар кеңестерімен, аналар кеңестерімен, ассамблея медиаторларымен, этностық топ өкілдерінің жастарымен белсенді қызмет арнасын түзген. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз алдағы уақытта да жүйелі жалғасын табатын болады. «Бақ бағалағанның басында тұрады» деп білетін халықтың ұрпағы ретінде ішкі бірлігімізді сақтау – бабалар алдындағы қасиетті борыш, келешек ұрпақ алдындағы зор аманат екенін ұғамыз.  Тыныш елде тоқшылық болатынын әйгілі Күлтегін бабамыз айтқан. Бабалар өсиетіне ой жүгіртіп, ынтымағымызды ыдыратпай, алдыңғы буынның бақыты үшін қажыр-қайратымызбен еңбек етеміз деген сенімдемін. Барша ағайынды берекелі бірлікті көздің қарашығындай қорғап, татулық пен ынтымақ жолын жалғауға үлес қосуға шақырамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

JSk ақпараттық агенттігі

Автор: admin