• 24 апреля, 2024 6:49 пп

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ ТӨРТ АЙ БОЙЫ «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

Автор:admin

Апр 7, 2023

 

Түркістан облысының 5 жылдығына орай өңірде төрт ай бойы «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өтеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы мәлім етті.

Басқарма өкілінің мәлімдеуінше, бұл фестивальдің басты мақсаты — мәдениет пен өнерімізді дамыту және жастар арасында ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды дәріптеп, Түркістанның туристік әлеуетін арттыру. Аталған фестиваль сәуір-шілде айлары аралығында Түркістан қаласында әр аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері өтпек.

Брифинг барысында Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров байқауды өткізу барысына тоқталды.

– 7 сәуір күні Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінің аумағы мен Этноауылда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің ашылу салтанаты болады. Аудан-қалалардың өнер ұжымдары алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, кезекпен келіп, өнерлерін көрсетеді. Алғаш болып фестиваль шымылдығын Сайрам ауданының көркемөнерпаздары ашады. Фестиваль 4 айға жоспарланып отыр. Онда аудан-қалалар жұма, сенбі күндері Этноауылда суретшілер мен қолөнер шеберлерінің және аудан, қаланың жетістіктері туралы көрмелер ұйымдастырады. Қылқалам, қолөнер шеберлерін қатыстыра отырып сурет салу, қолөнер бұйымдарын дайындау жұмыстарын көрсетеді. Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүр, ән-жыр, әдет-ғұрыпқа байланысты көріністер де сахналанады, — дейді Мейіржан Нұрғалиұлы.

Автор: admin