• 24 апреля, 2024 1:34 дп

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА АЛҒАШҚЫ ДАУЫС БЕРГЕН САЙЛАУШЫЛАРҒА СЫЙЛЫҚ БЕРІЛДІ

Автор:admin

Мар 19, 2023

 

Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ елдімекенінде сайлау науқанында белсенділік танытып, сайлау учаскесіне алғашқы болып келген сайлаушыларға асыл қазына кітапты сыйлыққа беріп жатыр.

Сайрам ауданында орналасқан барлық сайлау учаскелерінде, жергілікті уақыт бойынша мемлекеттік Әнұран шырқалып, алғашқы сайлаушылар өз таңдауын жасап, дауыс беруде. Олар сайлаудың халық үшін маңызы зор екенін жеткізді.

Айта кетейік, Сайрам ауданы бойынша 85 сайлау учаскесі бар. Оның 15-і Қарабұлақ ауыл округінде орналасқан.

Автор: admin