• 6 марта, 2026 6:51 пп

ТҮРКІСТАН: РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Автор:admin

Мар 6, 2026

 

2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды дайындау және өткізу мәселелері бойынша учаскелік референдум комиссиясы мүшелеріне арналған семинар өтті.

Семинарға облыстық аумақтық референдум комиссия мүшелері, Түркістан қалалық аумақтық референдум комиссиясың мүшелері мен Түркістан қаласындағы учаскелік референдум комиссиясының төрағалары, төраға орынбасарлары мен хатшылары қатысуда.

Күн тәртібінде «Референдум күнгі референдум комиссиясы мүшелерінің іс әрекеті туралы», «Референдумда қолданылатын онлайн-сервистер туралы» мәселесі қозғалып, учаскелік комиссия мүшелеріне арналған «Сұрақ-жауап викторинасы» ойыны ұйымдастырылды.

15 наурыз күні өтетін референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша өзара пікір алмасқан Түркістан қаласы аумақтық учаскелік референдум комиссия мүшелері, учаскелік референдум комиссиясының төрағалары, төраға орынбасарлары мен хатшылары тестілеуден өтті.

Автор: admin