• 3 мая, 2024 9:38 пп

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: AMANAT КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ МЕН ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ!

Автор:admin

Июл 10, 2023

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Білім беру мен денсаулық сақтау  мәселелері» жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Отырысты кеңестің төрағасы Темірбекова Жанар Амангелдіқызы жүргізді.  Күн тәртібінде 2 мәселе талқыға түсті. Олар: «AMANAT» партиясы ТОФ жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңестің        2023 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылап, бекіту және партияның 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының «Сапалы білім беру үшін жағдай жасау» тақырыбында айқындалған индикаторлардың өзекті мәселелері мен басым бағыттарының орындалуы туралы болды.  Жиында алдымен кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын    орындау жөніндегі Жол картасының 5 айдағы орындалуы бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды.  Нақтырақ айтсақ, бағдарлама аясында «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлауды 33 мыңға дейін арттыру» көзделуде. Сонымен қатар, 2023 жылы  интернеті жоқ 8 мектептерді интернетпен қамтамасыз ету  жоспарлануда және үш ауысымды мен апатты мектептердің мәселесін шешу де қарастырылған.   Бүгінгі таңда,  облысымызда демографиялық өсімге байланысты 173 мектепте      35023 оқушы орнына тапшылық бар. Атап айтқанда, Сарыағаш, Сайрам, Келес аудандары мен Түркістан, Арыс, Жетісай қалалары. Облысымызда өзекті мәселесі бар жалпы 21 білім беру нысаны бар. Оның ішінде: апатты 7 мектеп, үш аусымды 14. Қазіргі таңда, 2 апатты мектептің құрылысы Мемлекет басшысының 2023-2025 жыл аралығында 1000 мектеп салу  бағдарламасымен жүргізілуде құрылыс жұмыстары  жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Одан бөлек партияның сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін 96 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Жиында кеңес құрамы бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, бірқатар ұсынысарын білдірді. Жоспарлар аясында алдағы уақытта қажетті нысандарды арнайы кеңес мүшелері болып аралап бақылайтындарын да айтты. Жиын соңында келесі кеңестің отырысы белгіленіп, бірқатар ұсныстарды қарау жоспарланды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков ауданға іс-сапармен келіп, халықпен кездесті.  Сапар барысында алдымен тұрғындарды  жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.  Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, «Amanat» партиясы Созақ аудандық филиалының төрағасы Ернар Сағындық және аудандық мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты.  Тұрғындар  білім сапасын арттыру, әлеуметтік және денсаулық сақтау саласы бойынша өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары халық арасында жиі көтеріліп жүрген бірқатар мәселелерді алға тартып, сауалдарын жолдады.  Мәжіліс депутаты сала мамандарына аталған жағдайларды назарға алу керектігін тапсырып, туындаған мәселелерді Парламент қабырғасында көтеріп, тиісті министрліктерге жеткізетіндігін айтты. Қабылдаудан соң, аудандық орталық емханада болып, жұмыс барысымен танысты. Онда тұрғындармен тілдесіп, қызмет көрсету сапасын бақылады. Сонымен қатар, аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде халықпен кездесіп, парламентте атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті. Ондағы басты мақсат- жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өңірдегі өзекті мәселелермен мұқият танысып, барлық мәселелерді депутаттық сауал салу арқылы шешуге ықпал жасайтындығын атап өтті. Және Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің депутаты, фракция мүшесі, Парламен мәжілісінің  экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі  Әбдиев Ерлан Тұрсынбайұлы Кентау қаласына арнайы іс- сапары барысында Кентау қалалық орталық ауруханасында болып,   атап айтқанда инсульт орталығының жұмысымен танысты. Инсульт орталығындағы біршама өзекті мәселелерді көріп,  емделушілерге қажетті аппараттардың жоқтығына көз жеткізді.  Келесі кездесуі Түркістан облыстық арнаулы кәсіптік колледжінде болып,  көптен шешілмей келе жатқан мүгедектігі бар студент жастардың еркін кіріп шығуына арналған лифттің құрылысымен танысып,  арнайы жабдықталған кабинеттері  көріп,  колледж қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде  колледж ұжымына Парламент қабырғасында депутат ретінде атқарған жұмыстары туралы қысқаша мағлұмат беріп өтсе, колледж ұжымы  тарапынан  ұсыныстар айтылды.  Келесі кездесуі,  қалалық әлеуметтік қызмет көрсету  орталығының жұмысымен танысып,  орталыққа келуші азаматтармен сұхбаттасты. Барлық кездесуде партияның қалалық филиалының төрағасы Арман Басаров,  қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова,  БАҚ өкілдері қатысты. Сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Базарбайұлы Қырықбаев бүгін қоғамдық қабылдау өткізіп, Қазығұрт ауданы тұрғындарының өтінішін тыңдады. Қабылдауға аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Үсенбекұлы, Аудандық партия төрағасы Есімхан Ешенқұлұлы және жауапты бөлім басшылары қатысты.  Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыруды көздеген халық қалаулылары мен билік өкілдері 20 дан астам тұрғындардың мәселесін тыңдап, айтылған өтініштерді бақылауға алып, тиісті жұмыстар жүргізетінін айтты. Атап айтар болсақ, Қ.Сатпаев орыс мектебінің ата-аналары мен мүғалімдері Қ.Сатпаев орыс мектебінің қосымша ғимаратының бұзылуына қарсылық білдіруде. Бұзылған ғимарат орнына жаңа мектеп салынуына ықпал етуді сұранды. Нәтижесінде: Көтерілген өтініш бойынша, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Базарбайұлы аталған өтінішті зерттейтінін, егер заңсыздықтар орын алған жағдайда тиісті құзырлы органдарға жүгініп мәселенің шешімін табуға көмек беретінін айтып өтті. Одан бөлек, Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің міндетін уақытша атқарушы А.Егізекова оқушылар Қ.Сатпаев мектеп-лицейінің негізгі ғимаратына көшірілетіні, мұғалімдердің сағатсыз қалмайтыны, негізгі ғимараттан сынып кабинеттері толық берілетіні түсіндірілді. Сондай-ақ қабылдау барысында, ауданның инфрақұрылымына қатысты өзекті мәселелер мен ауыл шаруашылығына қатысты ұсыныстар көтерілді. Айта кетейік, қабылдау барысында айтылған өтініштер ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты мен Қазығұрт ауданының әкімінің тікелей бақылауында болмақ. «AMANAT» партиясының атынан сайланған елордадалық бір топ депутат алғашқы сапарын Астана қаласындағы «Оңтүстік-шығыс» аудандық газ қазандығының құрылысын бақылаудан бастады.

Мәжіліс депутаттары Павел Казанцев, Дәулет Мұқаев, Мәди Тәкиев, Дүйсенбай Тұрғанов, Татьяна Савельева және Самат Нұртаза елордадағы газ қазандығының жұмысымен танысып, ондағы құрылыс барысын бақылады.

Газ жылу қазандығы «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жергілікті жерлерде іске асыру аясында қолға алынған. Сондықтан оның сапалы әрі өз уақытында аяқталуын партия өз бақылауында ұстап отыр. Бас мердігер компания- «Казстройподряд» ЖШС. Жобаның құрылысы 2022 жылдың III тоқсанында басталған. 2023 жылдың қарашасында жоба толық пайдаланылуға берілмек.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцевтың айтуынша, депутаттар қала тұрғындарын жылумен және сумен қамтамасыз ететін нысандардың жұмысы мен құрылыс сапасын ұдайы бақылайды.

«Бұл нысандар іске қосылған соң тұрғындар тұрақты жылу мен сумен қамтамасыз етіледі. Жылумен қамтамасыз ету мәселесі газдың Астанаға жетуімен шешіледі. Жылумен қамтамасыз ететін 3 нысан салу мақсаты қойылды. Осы қазандықтар іске қосылса, қыста жылу тапшылығы болмайды. Өткен жылғы күзде бюджетті талқылау барысында бұл нысанға қаржы жетіспеу мәселесі болды. Біз Үкіметпен бірлесіп нысанның құрылысына қосымша қаражат бөлуді келістік. Қазір жобаның басшылығы қаржыландыру мен қондырғыларды жеткізу бойынша проблема жоқ екенін айтып отыр. Тамыз айының соңында мен тағы келіп жұмысты бақылаймын. Себебі қазандықтар жыл соңына дейін іске қосылуы керек», — деді депутат.

«Казстройподряд» ЖШС бас директорының орынбасары Әділхан Әбілдиннің айтуынша, қазіргі таңда құрылыс қарқынды жүріп жатыр.

«Биылғы жылыту маусымына жылу жүйесін қосып беру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қазан айында 190 Гкал жылу беріледі. Бұл жүйе тәуелсіз жүйе, сол себепті қазандықтар дербес түрде жұмыс істей береді. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған соң жылу жүйесін қалаға қосып отырамыз. Қаланың сол жағалауындағы аудандарды қамту жоспарланып отыр. Біз жылу энерго орталығынан келген суды әрі қарай ысытып жібереміз. Бұл қазандыққа қосылмайды. Яғни, құбыр дербес жұмыс істейді. Бұл – немістің жаңа технологиясы. Қазір жұмыстың 40 пайызы орындалды. Қазан айына дейін үлгереміз», — деді Ә.Әбілдин.

Оның айтуынша, жобаның құны 28 млрд теңгеге шығып отыр. Бұл ішкі жұмыстарға бөлінген қаражат. Сыртқы жұмыстарға құбырлар мен электр жүйесі жатады. Оған қосымша 2 млрд теңге қарастырылған. Құрылыс нысанында қазір 120 адам еңбек етіп жатыр. Олар — дәнекерлеушілер, құрылысшылар, электр мамандары және тағы басқалар. Негізгі құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін инженерлік жұмыстар басталады.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов нысан құрылысының сапасына ерекше назар аударылатынын айта келе, қыста тұрғындар жылу тапшылығын көрмейтінін жеткізді.

«Салыстырып көрер болсақ, қазандықтың қуаты – 350 Гкал. Ал құрылысы жүріп жатқан ЖЭО-3-тің қуаты жылу жағынан бар болғаны 420 Гкал. Мамандар 4 млн текше метр тұрғын үйді осы қазандық жылытады деп отыр. Одан бөлек тағы «Тұран» газ қазандығы іске қосылғалы жатыр. ЖЭО-3-тің қуатын қоса есептегенде Астанада 1500 Гкал іске қосылмақ. Бұл алдағы 2-3 жыл бойы профицит болады деген сөз», — дейді Мәжіліс депутаты Д.Тұрғанов.

Мамандар бұл нысан жылу тапшылығын шешіп қана қоймай, жаңа технология есебінен газды үнемдеуде де аса маңызды рөл ойнайтынын айтады. Нысанды жобалауда бірінші талап – қауіпсіздік пен үнем болған. Мәселен, жылыту механизмдері бұл нысанда жабық контурда жүзеге асырылады. Құбыр желісіндегі су қазандықтың ішіндегі суға қосылмайды. Сол себепті қазандықтар тазалығын сақтап, сапасын жоғалтпай 20 жыл қызмет ете алады, әрі қауіпсіз.

«Мысалы, қазандықтың біреуін жөндеу керек болса, оны дербес түрде жүзеге асыруға болады. Яғни, ол еуропалық технология бойынша салынған. Қазандық жылына 80 текше метр газ тұтынады. Ал таңдалған қондырғы бойынша 6-7 пайызға үнемдеп отырады», — деді «Ақжол» ЖШС жобасының техникалық директоры Жәнібек Мұхамбетәлі.

Бүгінгі таңда жылу станциясының жалпы  дайындығы 39% құрайды. 2023 жылдың қарашасында жоба толық пайдалануға берілмек. Ал, «Оңтүстік-Шығыс» ГТС жалпы қуаты 350 Гкал.

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin