• 18 декабря, 2025 9:07 пп

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ АСЫҚ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Автор:admin

Дек 18, 2025

Ұлттық спорттың мерейін үстем еткен дүбірлі дода Түркістан қаласында асық ату және бес асық спорт түрлері бойынша II Азия чемпионатының өтуімен айшықталды. Байрақты бәсекеге сары құрлықтың 12 елінен келген мергендер қатысып, бақтарын сынады.

Атап айтсақ, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Пәкістан, Саха Республикасы, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан және Үндістаннан келген асықшылар екі күн бойы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін нағыз ұлттық спорт мерекесіне айналдырды.

Тартысты өткен додада Асық ату мен бес асықтан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионы атанса, екінші-үшінші орындарды Саха республикасы мен Моңғолия спортшылары өзара бөлісті.

Жеңімпаздар арасында Түркістан облысының өрені Дәулетәліқызы Еркежан да бар. Түлкібастық спортшы жоғары шеберлік көрсетіп, бес асықтан Азия чемпионы атанды. Жеңімпазды Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев арнайы қабылдап құрмет көрсетті.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin