• 25.04.2026 20:51

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «TAZA QAZAQSTAN» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІР КҮНДЕ 20 МЫҢ АҒАШ ЕГІЛДІ

Автор:admin

Апр 25, 2026

 

🔰Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Түркістан облысында экологиялық акция ұйымдастырылды. Аталған шара Түлкібас ауданындағы «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдығына орай қорық аумағында өтіп, «Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Президентімен телекөпір байланысы орнатылды.

🔰Табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында өткен акцияға қатысушылар арнайы орнатылған LED экран алдына жиналып, телекөпір арқылы Мемлекет басшысымен тікелей байланысқа шықты. Онлайн кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров және «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының» эко-волентері Айда Орынбасарқызы сөз сөйледі.

⤵️Облыс әкімі өңір тұрғындары «Taza Qazaqstan» жалпыұлттық бастамасын белсенді қолдап отырғанын атап өтті.

📌– Түркістан облысының халқы «Taza Qazaqstan» жалпыұлттық бағдарламасының жазғы маусымын бастауға дайын. Бағдарлама басталғалы өңірде 2 миллионнан астам ағаш егіліп, елді мекендердің санитарлық тазалығы үшін 400-ге жуық жаңа техника сатып алынған. Сонымен қатар 11 саябақ, 8 сквер және 4 аллея пайдалануға берілді. «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында 155 бұлақ, 77 өзен тазартылды. Бүгін облыстың барлық аудан, қаласында «Taza Qazaqstan» бағдарламасы аясында ауқымды іс-шара өткізіліп, 20 мың түп ағаш егілді. Іс-шараға 340 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 350 тонна қоқыс шығарылып, 17 мың гектар жер тазарды. Жалпы 2026 жылы 1 миллионнан астам ағаш егу жоспарланып отыр, – деген облыс әкімі биыл әйгілі «Ақсу-Жабағылы» қорығына 100 жыл толып отырғанын айтып, қорық ұжымы жануарлар мен өсімдіктер әлемін жанашырлықпен қорғап келе жатқанын жеткізді.

🔰Телекөпір аясында Түркістан облысымен қатар Павлодар облысы, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстары тікелей эфирге қосылды.

🔰Жалпы қорық аумағында өткен шараға 2 мыңнан аса адам қатысып, 1000 түп көшет егілді.

🔰Айта кетейік, 1926 жылы құрылған «Ақсу-Жабағылы» қорығы – еліміздегі тұңғыш табиғи қорық. Қорық аумағы 131 мың гектардан асады және Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттерімен шекаралас орналасқан.

🔰Қорық флорасы мен фаунасы ерекше бай. Мұнда 1300-ден астам өсімдік түрі, соның ішінде сирек кездесетін қызғалдақтар өседі. Сонымен қатар қар барысы, арқар, таутеке, сілеусін, қоңыр аю сияқты сирек жануарлар мекендейді. Ақсу-Жабағылы қорығы тек табиғатты қорғау орны ғана емес, сонымен қатар ғылыми зерттеу жүргізетін маңызды аймақ. Ол ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар тізіміне енгізілген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____________

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В РАМКАХ ПРОГРАММЫ TAZA QAZAQSTAN ЗА ОДИН ДЕНЬ ПОСАДИЛИ 20 ТЫСЯЧ ДЕРЕВЬЕВ

🔰В рамках общенациональной инициативы Главы государства Касым-Жомарта Токаева «Таза Қазақстан» в Туркестанской области была организована экологическая акция. Данное мероприятие прошло на территории заповедника в честь 100-летия государственного природного заповедника «Аксу-Жабагылы» в Тюлькубасском районе. В ходе экоакции Taza Qazaqstan было установлено телемостное сообщение с Президентом Республики Казахстан.

🔰В целях охраны природы и повышения экологической культуры участники акции собрались перед специально установленным LED-экраном и через телемост вышли на прямой контакт с Главой государства. В ходе онлайн-встречи выступили аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров и эко-волентер Аксу-Жабаглинского государственного природного заповедника Аида Орынбасаркызы.

Аким области отметил, что жители региона активно поддерживают общенациональную инициативу Taza Qazaqstan.

📌 — Жители Туркестанской области готовы начать летний сезон общенациональной программы Taza Qazaqstan. С начала программы в регионе было посажено более двух миллионов деревьев, закуплено около 400 единиц новой техники для санитарии населенных пунктов. Также введены в эксплуатацию 11 парков, восемь скверов и четыре аллеи. В рамках акции «Мөлдір бұлақ» очищено 155 родников и 77 рек. Сегодня во всех районах и городах области в рамках программы Taza Qazaqstan проведено масштабное мероприятие, посажено 20 тысяч деревьев. В мероприятии было задействовано 340 единиц техники. В результате было вывезено 350 тонн мусора,очищено 17 тысяч гектаров. В целом, в 2026 году предусмотрено привить более миллиона деревьев, – сказал аким области, отметив, что в этом году знаменитому заповеднику «Аксу-Жабагылы» исполняется 100 лет и что коллектив заповедника бережно защищает животный и растительный мир.

🔰В рамках телемоста, наряду с Туркестанской областью, были подключены к прямой трансляции Павлодарская, Западная и Восточно-Казахстанская области.

🔰В целом, в акции на территории заповедника приняло участие более двух тысяч человек, высажено 1000 саженцев.

🔰Созданный в 1926 году заповедник “Аксу-Жабагылы” является первым природным заповедником в стране. Территория заповедника превышает 131 тыс. га и граничит с Кыргызстаном и Узбекистаном.

🔰Особенно богата флора и фауна заповедника. Здесь произрастает более 1300 видов растений, в том числе редкие тюльпаны. Обитают редкие животные, такие как снежный барс, архар, горный козел, рысь, бурый медведь. Аксу-Жабаглинский заповедник — это не только природоохранное место, но и важный объект для проведения научных исследований. Он внесен в список биосферных резерватов ЮНЕСКО.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Автор: admin