• 19.06.2026 15:17

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 8 ЖЫЛДА 7,5 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

Автор:jsk.kz

Июн 19, 2026

✨ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерге инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау бағытында Түркістан облысы құрылғаннан бері инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің бақылауымен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлер мен инвесторларға қолайлы жағдай жасау және инвесторлардың мәселелерін жедел шешу бойынша кешенді шаралар қолға алынған.

💰 Түркістан қаласының рухани және туристік орталық ретінде қарқынды дамуы да өңірге тартылатын инвестиция көлемінің артуына оң әсерін тигізді. Соның нәтижесінде соңғы 8 жылда облыс экономикасына жалпы көлемі 7 трлн 570,8 млрд теңге инвестиция тартылды.

🔖 2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 1 трлн 745,6 млрд теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 4,5 есеге өсті. Ал, 2018 жылы бұл көрсеткіш 314,1 млрд теңгені құраған болатын.

🏭 Инвестициялық белсенділік биыл да жоғары қарқынмен жалғасуда. 2026 жылдың алғашқы бес айында өңір экономикасына 614,2 млрд теңге инвестиция бағытталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 150,5 пайыздық өсімді көрсетеді. Өткен жылдың бес айында инвестиция көлемі 387,8 млрд теңге болған.

💵 Сонымен қатар 2025 жылдың қорытындысымен облысқа тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 2 млрд АҚШ долларына жетіп, жоспарланған көрсеткіш артығымен орындалды.

🏢 Биыл жалпы құны 369 млрд теңгені құрайтын 67 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар өндіріс көлемін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

🏗️ Бүгінде Түркістан облысында инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климат қалыптастырылған. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Оған қоса, негізгі инвестициялық алаңдар бар. Атап айтқанда, «Turan» арнайы экономикалық аймағы, «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы, индустриялық аймақтар және облыстық барлық аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер қарастырылған.

🎯 Алдағы уақытта да өңір экономикасына инвестиция тарту жұмыстары жалғасып, жаңа өндірістерді іске қосу, экспорт көлемін ұлғайту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жобаларға басымдық берілетін болады.

 

***

ЗА 8 ЛЕТ В ТУРКЕСТАНСКУЮ ОБЛАСТЬ ПРИВЛЕЧЕНО БОЛЕЕ 7,5 ТРЛН ТЕНГЕ ИНВЕСТИЦИЙ

В целях выполнения поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева по привлечению инвестиций в регионы, открытию новых производств и диверсификации экономики, с момента образования Туркестанской области ведется системная работа по улучшению инвестиционного климата. Под контролем главы региона Нуралхана Кушерова принят комплекс мер по сопровождению инвестиционных проектов, развитию производственной инфраструктуры, созданию благоприятных условий для предпринимателей и инвесторов, а также оперативному решению их вопросов.

Динамичное развитие города Туркестана как духовного и туристического центра также оказало положительное влияние на рост объемов привлекаемых в регион инвестиций. В результате за последние восемь лет в экономику области было привлечено в общей сложности 7 трлн 570,8 млрд тенге инвестиций.

По итогам 2025 года объем инвестиций в основной капитал составил 1 трлн 745,6 млрд тенге, что в 4,5 раза больше по сравнению с 2018 годом. Для сравнения, в 2018 году данный показатель составлял 314,1 млрд тенге.

Инвестиционная активность сохраняет высокие темпы и в текущем году. За первые пять месяцев 2026 года в экономику региона было направлено 614,2 млрд тенге инвестиций. Это демонстрирует рост на 150,5% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года, когда объем инвестиций за пять месяцев составил 387,8 млрд тенге.

Кроме того, по итогам 2025 года объем привлеченных в область прямых иностранных инвестиций достиг $2 млрд, что позволило перевыполнить запланированные показатели.

В текущем году планируется реализовать 67 инвестиционных проектов общей стоимостью 369 млрд тенге. Данные проекты позволят увеличить объемы производства, открыть новые рабочие места и нарастить экономический потенциал региона.

На сегодняшний день в Туркестанской области сформирован благоприятный инвестиционный климат для инвесторов. На постоянной основе осуществляются меры государственной поддержки, сопровождение инвестпроектов и обеспечение их необходимой инфраструктурой. Кроме того, функционируют ключевые инвестиционные площадки. В частности, это специальная экономическая зона «Turan», международный центр промышленной кооперации «Центральная Азия», индустриальные зоны, а также малые индустриальные парки во всех районах и городах области.

В дальнейшем работа по привлечению инвестиций в экономику региона будет продолжена. Приоритет будет отдаваться проектам, направленным на запуск новых производств, увеличение объемов экспорта и повышение благосостояния населения.

 

Автор: jsk.kz