• 4 мая, 2024 2:44 дп

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Автор:admin

Июл 3, 2023

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Мақтаарал ауданының мәдениет күндерін «Visit Turkistan» орталығы алаңында аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен гала-концерт қорытындылады. Салтанатты шараны Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова ашып беріп, Түркістан жұртшылығын облыстың 5 жылдығымен құттықтады.

Мәдени шарада ауданнан шыққан танымал тұлғалардың туындылары мен әсем ән де, күмбірлеген күй де, мың бұралған би де көрініс тапты. Кештің арнайы қонағы Гауһар Әлімбекова мен Асылжан Абдулла қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлады.

Мақтаарал ауданының Түркістан қаласындағы мәдениет күндері үш күнге жоспарланған болатын. Шараның алғашқы күнінде Этноауылда қылқалам және қолөнер шеберлерінің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Ал екінші күні Мақтаарал ауданының мәдениет күндері ұлттық құндылықтармен толыға түсті. Этноауылда ұлттық салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптар көрінісі көпшілікті тәнті етті. Сонымен қатар арқан тарту, қазақша күрес, қошқар көтеру, асық ату, т.б. ұлттық спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды.

Айта кетейік, аталмыш фестиваль тамыз айына дейін өтеді. Аудан-қалалар Түркістан қаласында апта сайын өз өнерлерін көрсетеді деп жоспарлануда. Келесі көшті 7-9 шілде аралығында Шардара ауданының өнерпаздары жалғастырады.

 

Автор: admin