• 25 апреля, 2024 7:32 пп

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДАҒЫ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ӨТУДЕ

Автор:admin

Ноя 20, 2022

 

Мақтаарал ауданының сайлау учаскелерінде әрбір сайлаушыға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарламалар қойылып, спорттық жарыстар ұйымдастырылуда.

Сайлаудың мерекелік деңгейде өтуіне мақтааралдық ақ жаулықты әжелер, көп балалы аналар мен жас келіндер де атсалысуда. Аталған топтар ұлттық нақыштағы киімдер киіп, шашу шашып, түрлі дәмді тағамдарды сайлаушыларға ұсынуда.

Айта кетсек, ауданда 63 сайлау учаскесінде 70 мыңнан аса сайлаушыларды күтіп алуға барлық жағдай жасалған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin