• 9 мая, 2024 4:56 дп

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ ЖЫЛЫНА 12 МЫҢ ДАНА ӨНІМ ДАЙЫНДАЙДЫ

Автор:admin

Сен 28, 2023

 

Бүгін Кентау трансформатор зауытында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер алдымен Кентау қаласында орналасқан трансформатор зауытына барды. Өндіріс орнының басты ерекшелігі – өнімдерін заманауи қондырғылар негізінде жасап шығарады. Басқарма Төрағасы Бауыржан Худайбергеновтің айтуынша, зауыт жылына 12 000 дана өнім дайындайды.

— Кентау трансформатор зауыты қазір шикізаттың 15 пайызын ғана сырттан әкеледі. Зауыт жобалау институттарымен тығыз жұмыс істейді. Қазақстан тарихында тұңғыш рет «Astana EXPO-2017» үшін арнайы салмағы 125 тонна, кернеуі 110 кВ, қуаты 80000 кВА электрлі машинаны шығардық. Жұмыс сапасын арттыру үшін Жапонияның Кайдзен жүйесін қолданудамыз,- дейді басқарма төрағасы.

Автор: admin