• 28 апреля, 2024 10:02 пп

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ҚОЙЫЛДЫ

Автор:admin

Окт 30, 2023

Кентау қаласы Қарнақ ауылындағы орталық алаңға қазақ тарихындағы соңғы хан саналатын Кенесары Қасымұлына арналған ескерткіш тақтайша қойылды.
Жиынға қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев, қалалық мәслихаттың төрағасы Қабылан Елеусізов қатысып, игі шараның маңыздылығы жайында атап өтті. Салтанатты шараға Кенесары Қасымұлының ұрпақтары Барзу Кенесары, Болат Смалпов келіп, игі шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Тарихқа сүйенсек, Қарнақ қалашығындағы медреседе Қызылжар, Қарағанды, Атбасар қалаларынан екі жүзге жуық қазақ балалары келіп білім алған. Одан бөлек, Мұса Байзақұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы сынды қазақ халқының зиялылары да тәлім алған. Солардың бірі де бірегейі — Кенесары Қасымұлы.
Көкшетау қаласында «Хан ордасы Кенесары ұлттық қаһарман» атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өткен болатын. Нәтижесінде 16 шешім қабылданып, соның бірі Кенесары Қасымұлы оқыған Қарнақ қалашығындағы медресеге ескерткіш тақта орнату туралы сөз болған.

Автор: admin