• 24 апреля, 2024 12:53 пп

ТҮРКІСТАН:  КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРЛАРДАҒЫ  КОМПЛАЕНС ОФИЦЕРЛЕРГЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Фев 17, 2022

Бүгін  Түркістан облысының әкімдігі,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен облысқа қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары мен комплаенс офицерлерге Үкіметтің №358 қаулысымен бекітілген «Үлгілі базалық бағыт-4» жобасының «Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу» бағыты бойынша әдістемелік түсіндірме жұмыстары жүргізілді.                                

Оқыту жиынына  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Е.Жүнісов, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Идрисова, «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері және облыс аумағындағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары мен сол ұйымда адалдық стандарттарын сақтауға жауапты комплаенс мамандар қатысты.  

Жиында Түркістан облысы әкімі аппараты мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас инспекторы Бауыржан Досжанов «Үлгілі жобалық бағыт-4»  жобасының негізгі бағыттары мен жобаның Түркістан облысында жүзеге асырылу барысына тоқталып, аталған жобаның 4-блогын — квазимемлекеттік сектор субъектілерінде тағайындалған комплаенс офицерлер атқаратынын баяндады.  

Сондай-ақ, Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі  Алия  Ахметова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс ISO 37001 халықаралық стандарты» тақырыбы аясында ақпарат беріп, тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, қағидалардың сақталуын талдау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін   анықтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, ұйым қызметінің жемқорлыққа қарсы стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету міндеттері — комплаенс офицерлерге жүктелгенін ашық атап өтті. 

Айта кету қажет, 2020 жылдың 6 қазанында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 16-бабына «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету» болып табылатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын атқаратын құрылымдық бөлімшелерді айқындауды көздейтін түзетулер енгізілді. 

Соған сәйкес, Түркістан облысына қарасты жалпы саны 473 квазимемлекеттік сектор субъектілерінде тағайындалған комплаенс офицерлер  алдағы уақытта өз мекемелерінде бармақ басты, көз қысты әрекеттердің алдын алу және оның туындауына тосқауыл қою бойынша жүйелі жұмыстар жүргізетін болады.   

Jsk ақпарат

Автор: admin