• 18.08.2026 18:43

ТҮРКІСТАН: «АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫНЫҢ» ҚҰРЫЛҒАНЫНА — 100 ЖЫЛ

Автор:jsk.kz

Авг 18, 2026

 

Биыл «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығына» 100 жыл толып отыр. 1926 жылғы 14 шілдеде Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен құрылған қорық Қазақстандағы және Орталық Азиядағы алғашқы мемлекеттік табиғи қорық болып саналады. Бұл туралы өткен брифингте «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» басшысының орынбасары Сматулла Жұманов мәлімдеді.

«Қорықтың ғасырлық мерейтойына орай табиғатты қорғау, ғылыми зерттеу және экологиялық ағарту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. «PROGREEN» бағдарламасы мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен «Ақсу-Жабағылы қорығының табиғаты» фотоальбомы, «Ғасырлық байлық: Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» атты мерейтойлық кітап әзірленіп, Ақсу каньонында туристерге арналған заманауи бақылау алаңын салу жобасы іске асырылуда. Мерейтой қарсаңында «100 жылдыққа – 100 ағаш» экологиялық акциясы өткізіліп, қорықтың аумағына көшеттер отырғызылды. Аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілі

Автор: jsk.kz