Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамымызда әлі де өзекті мәселе. Халықты алдау, сапасыз тауарды өткізіп жіберу немесе сатып алынған заттың кепілдік мерзімі аяқталмай бұзылып қалуы, ал оның ақшасын қайтармай тұтынушыны әуре-сарсаңға салу – Кеңес дәуірінен бері қалмай келе жатқан бір кесіріміз. Дамыған шетелде сатушы фирма тұтынушы тарапынан ешқандай өкпе-наз естімеуге тырысады, ал алда-жалда ондай бола қалса, тұтынушының алдында кешірім сұрап, сапасыз тауарды өздері келіп ауыстырып береді. Ал ақшасын талап етсе, келтірген моралдық залалын үстіне қосып беріп, тұтынушымен ризаласып қоштасады. Оларда тұтынушы мен сатушы соттасыпты дегенді мүлде естімейсің. Сатушы өзінің атына кір келтірмес үшін тұтынушының барлық бабын табады. Өйткені біріншіден, бәсекелестік қатты. Алда-жалда бәсекелестері тұтынушының талабын қанағаттандырмағанын білсе, сол фирманың есін шығарады. Сондықтан фирма өзінің абырой-беделіне нұқсан келтірмеуге тырысады. Екіншіден, ондағы халықтың мәдениеті жоғары, сатушының халықты алдау дегені өркениетті елде мүлде болмайды. Ал бізде кеңес кәсіпорынның тауарын сатып, тұтынушыны көзге ілмей жаман үйренген сатушылар өзінің немесе жұмыс істеп тұрған мемлекеттік дүкенінің беделі үшін ешқашан алаңдамаған. Сол әдет қазіргі жекеменшік дүкен иелерінде де жалғасып келеді. Олардың сатушылары тұтынушыға тіпті сапасыз тауарды немесе арзанды қымбатқа алдап өткізіп жіберуге бейім тұрады. Тіпті тауардың кемістігі кепілдік мерзімде білінсе де ауыстырып беруге немесе ақшасын қайтаруға құлқы жоқ, тұтынушыны әбден әуре-сарсаңға салып қояды. Қоғамымызда «тұтынушының құқығын қорғау» деген арнайы қызмет бар. Мемлекет оған әжептеуір қаражат шығарып, Сауда және интеграция министрлігінде Тұтынушыларды қорғау комитетін ашқан және оның барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда департаменттері бар. Солардың бірі біздің түбі ір түркі халықтарының рухани астанасы Түркістан қаласында да бар. Мәселен Түркістан қаласының тұрғындарына сапалы қызмет көрсету – экономиканың бәсекелік қабілетін арттырудың маңызды факторы болып саналады. Халықаралық және Республикалық тәжірибелер көрсеткендей, тұтынушы сенімі жоғары қоғамда кәсіпкерлікте тұрақты дамуын орнықтырады. Сондықтан өңірде тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша арнайы тетіктер іске қосылып: тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталықтары, онлайн шағым қабылдау жүйесі, мобильді топтардың дүкендер мен қызмет көрсету нүктелерін тексеруі. Бұл экономикалық қатынастардың ашық болуын қамтамасыз етіп, кәсіпкерлер арасында сапа мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде тұтынушылар өздері сатып алатын өнімге сенімді болып, өңірлік нарықта адал бәсекенің негізін нығайтпақ. Түркістан тұтынушыларына 107 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды. Мәселен, бір тұтынушы 13 миллион теңгеге сатып алынған сапасыз пәтер үшін қаржысын қайтарып алды. Ал бір азамат 6 миллион теңге тұратын сапасыз қызмет үшін өтемақы алды. Өтініштерді талдау нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 497 әкімшілік іс-қозғалған. Түркістан облысында сауда алаңдарын, жұмыс орындарын және тауар айналымын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары өз жалғасын тауып келеді. Атап айтар болсақ, сауда саласына 101,4 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Түркістан облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғау бағытында белсенді және нәтижелі жұмыс жүргізді. Азаматтардың шағымдарына жедел әрекет ету, тексерулер жүргізу және бұзушылықтарға тосқауыл қою негізгі басымдық болды. Азаматтардың шағымдары: нақты көмек пен нәтижелер. Қаңтар-маусым айлары аралығында департаментке 895 өтініш келіп түсті. Оның ішінде:
- 811 өтініш қанағаттандырылды,
- 84 өтініш басқа органдарға бағытталды,
- 339 өтініш жазбаша форматта,
- 38 өтініш департамент басшысының жеке қабылдауында қаралды,
- 294 өтініш «жедел желі» арқылы түсті,
- 23 өтініш Telegram-бот арқылы қабылданды,
- 201 өтініш мамандардың қабылдауында қаралды. Осы жұмыс нәтижесінде тұтынушыларға қайтарылған қаражаттың жалпы сомасы 41 356 396 теңгеден асты. Өтініштер түрлі арналар арқылы қабылданды: жазбаша, жеке қабылдауларда, Telegram-бот арқылы және электронды форматта. Бұл департаменттің халыққа ашық әрі қолжетімді екенін көрсетеді. Заңды орындамаған кәсіпкерлер жауап берді. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында «Сауда қызметін реттеу туралы» және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңдарын бұзған 159 кәсіпкерлерге жалпы сомасы 2 039 042теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, 2 кәсіпкерді департаменттің берілген нұсқамаларын орындамағаны үшінҚР ӘҚБтК 462-баптың 3-бөлігі бойынша сотқа тартты. Сот шешімімен:
- Бір кәсіпкерге 275 240 теңге,
- Екіншісіне 393 200 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бұл жағдайлар тұтынушылардың құқықтарын елемеген кәсіпкерлердің жауапсыз қалмайтынын көрсетті. Тұтынушыларға пайдалы кеңестер
Департамент төмендегі кеңестерді ұсынады:
- Өнім немесе қызмет туралы толық ақпаратпен танысыңыз (мерзім, кепілдік, баға).
- Байланыс деректері жоқ, күмәнді сайттардан тапсырыс жасамаңыз.
- Бұзушылықтар болса, фото немесе видео дәлелдер жинаңыз.
- Құқық бұзушылық байқалса, дереу тиісті органға жүгініңіз. Қайда жүгінуге болады? Мекенжай: Түркістан қаласы, Жаңа қала м/а, 32-көше, 16-ғимарат, А корпусы, 427-кабинет
Байланыс телефондары:
+7 771 322 8282
+7 700 606 0071
+7 775 224 5616
+7 707 347 3876 Онлайн өтініштер: E-Otinishплатформасы арқылы. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау – уақыт талабы. Түркістан облысы бойынша департамент азаматтардың сенімін ақтау жолында нақты шаралар қабылдап, әділ сауда мен қызмет көрсету мәдениетін қалыптастыруға үлес қосып келеді.
JSK ENTER MEDIA
