• 18 мая, 2024 1:23 пп

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 100-ДЕН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗДЕРІ ТАЗАЛАНДЫ

Автор:admin

Май 4, 2024

 

«Су анасы – бұлақ» дейді дана халқымыз. Өзендердің өзі бастауын бұлақтан алады. Бұлақ көрсең – көзін ашудың өзектілігі де осында.
Осы орайда, Түркістан облысы, Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы қарсаңында аудан аумағындағы бұлақ көздерін ашу және айналасын күл-қоқыстан тазарту мақсатында сенбіліктер өтіп жатыр.

Сауапты шара барысында елді мекен маңдарындағы 100-ден аса бұлақ көздері аудан және ауыл әкімдіктерінің қызметкерлері және арнайы техника күшімен тазаланды. Дәл осындай игі шара Кемербастау ауылының үстіндегі аудан орталығын ауыз сумен қамтып отырған бұлақ басында да жүргізілді. Ол жерде «Тұраркент-су» мекемесі және жергілікті әкімдік қызметкерлері сенбілік ұйымдастырып, бастау айналасын тазалады.

«Тамшыдан теңіз құралады» демекші, Арыс және басқа да өзендерге қосылатын аудандағы бұлақ көздері егіндікке қажетті су мөлшерінің артуына тікелей септігін тигізбек.

Айта кетерлік, жалпы аудан аумағында 200-ге жуық бұлақ көзі бар. Аймақтағы 59 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған болса, соның 46-сы бұлақ көздерінен су алады. Қалғаны ұнғыма арқылы қамтылған.

Игі шара бұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

#құт_мекен
#Түлкібас_Түркістан
#бұлақ_көрсең_көзін_аш
#мөлдір_бұлақ

Автор: admin