• 20 апреля, 2024 9:54 дп

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ — ӘРБІР ЕЛ АЗАМАТЫНЫҢ ТАҢДАУЫ АСА МАҢЫЗДЫ

Автор:admin

Авг 12, 2021

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Түлкібас ауданы әкімі аппараты және құрылыс бөлімінің қызметкерлеріне адалдық идеялогиясын қалыптастыру бойынша жиын өткізді.

️Шарада жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығы және бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарға берілетін ақшалай сыйақы мөлшері баяндалды.

Кездесу соңында Ерұлан Тұңғышбаев аталған жаңа Әкімшілік Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген немесе оған теңестірілген тұлғалардың жауапкершілігі күшейтілгенін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамаған мемлекеттік орган басшылары Кодекстің 680-681 бабы шеңберінде айыппұл төлейтінін және қызметтен тыс қаржыландыру көзімен айналысқан мемлекеттік органдарға 1,8 млн.теңге айыппұл салынатынын жеткізді.

Jsk ақпарат

Автор: admin