• 15 декабря, 2025 3:23 дп

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Ноя 22, 2025

Ордабасы аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл -Кадиев Жуманалы сыбайлас жемқорлыққа байланысты ақпарат беру және оны қоғамға насихаттау негізінде ауыл округ әкімдерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында,Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті екенін жеткізді.

Әдеп уәкілі түсіндіру барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық фактілерінің неден пайда болатындығын, оған жол бермеудің қарапайым әдістері жөнінде кеңінен мағлұмат берді.

Жиналысқа қатысқан қызметкерлерді Әдеп кодексін құрметтеп, қызметтік әдепті қатаң сақтауға және өз қызметтерінде адал болуға, біліктілігі мен іскерлік қасиеттерін тұрақты түрде жетілдіруге шақыра отырып, барлық қатысушыларға қызметтеріне сәттіліктер тіледі.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin