• 26 апреля, 2024 3:05 пп

САЯСИ НАУҚАНДА СОЗАҚТЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР БЕЛСЕНДІ

Автор:admin

Мар 19, 2023

 

Созақ ауданының дәрігерлері бүгінгі саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауын жасап жатыр. Оның ішінде Құмкент ауыл округ ауруханасының акушері Феруза Қалабекова бүгінгі күннің маңыздылығын ашып айтып, биылғы сайлау – жарқын бастамаларға, нақты істерге ұйытқы екендігін атап өтті.

Аудандағы барлық сайлау учаскелері интернет желісімен және байланыс телефоны, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

Сайлауға алғаш келгендердің қатарында зейнеткерлерден бастап, жұмысшылар, аудан жастары да бар. Созақ ауданы бойынша 39 сайлау учаскесі, 36258 сайлаушы бар.

Автор: admin