• 27 апреля, 2024 10:21 дп

САУРАН АУДАНЫНДА АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛДІ

Автор:admin

Мар 29, 2024

Ауыл шаруашылығына берілетін мемлекеттік қолдаулардың берілу шарттарын түсіндіру мақсатында құрылған арнайы жұмысшы топ Сауран ауданының тұрғындарымен кездесті.
Жиынға Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов, «Қазсушар» РМК ТФ өндірістік техникалық бөлім басшысының міндетін атқарушы Талғат Балабеков, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан филиалы директорының орынбасары Азат Мүйтембаев, «Ырыс» МҰҚ ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Берік Бекпенбетов, «Түркістан ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұхтар Әлімханұлы сынды сала мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сауран ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі — 392 100 гектар. Жалпы биылғы жер жырту жоспары – 28,6 мың гектар болып бекітіліп, бүгінгі таңда жер айдау жұмыстары 95%-ға орындалған. 2024 жылдың өнімі үшін 3 661 гектар күздік бидай егілген. Жиын соңында шаруалар тарапынан жұмыс топ мүшелеріне сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin