• 28 марта, 2024 8:08 пп

САРАПШЫЛАРДЫ АТТЕСТАТТАУ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 16 АТТЕСТАТ БЕРІЛДІ

Автор:admin

Май 26, 2023

 

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан сарапшыларды аттестаттау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілуде. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылып жатыр.

Өткен жылы басқарма тарапынан 47 аттестат беріліп, 164 өтініш бойынша аттестат беруден бас тартылған болатын. Ал, биыл жыл басынан бері жаңадан 16 аттестат беріліп және 3 аттестаттың мерзімі ұзартылды, 64 өтініш бойынша аттестат беруден бас тартылды. Барлық өтініштер «www.egov.kz» электрондық үкімет веб-портал арқылы жолданады.

Автор: admin