• 21.09.2026 16:59

Сайрам ауданы аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылды.

Автор:jsk.kz

Сен 21, 2026
Screenshot

 

Әрбір аумақ бойынша полицияның учаскелік пункттеріне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабымен жауапкершілікке тартылған азаматтар мен отбасында жиі жанжал шығаратын азаматтармен кездесті.
Қылмыстың алдын алу мақсатында ауылдың бас имамдары, зиялы қауым өкілдері және ардагерлер тартылды. Кездесу барысында имамдар мен кеңес мүшелері отбасылық құндылықтарды насихаттап, зорлық-зомбылыққа төзбеушілік туралы насихат айтты.
Өз кезегінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу инспекторлары заңнама талаптарын түсіндіріп, жасалған әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған отбасыларға көрсетілетін көмек түрлері туралы ақпарат беріліп, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДО

Автор: jsk.kz