• 14 декабря, 2025 7:13 пп

Сайрамдық сарбаз Отарда Отан қорғау қызметіне үлес қосып келеді

Автор:admin

Ноя 20, 2025

Тарихы терең, рухани мәдениеті мол Сайрам ауданы азаматтардың елге қызмет етуге деген патриоттық сезімін қалыптастыруда айрықша орын алады. Сондықтан ауданның әрбір азаматы өз Отанына адалдықпен, туған жеріне сүйіспеншілікпен қарайды. Мемлекет басшысы мен жергілікті билік өкілдері де халықтың патриоттық тәрбиесін, әскери қызметке қызығушылығын арттыру мәселесіне ерекше мән береді. Осы тұрғыда Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Сайрам аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Аманкелді Қабылбековтің жас ұрпаққа үлгі боларлық іс-әрекеті ерекше назар аудартады. Жақында ол Жамбыл облысы аумағындағы «Отар әскери қалашығында» танкист ретінде әскери борышын өтеп жүрген үшінші немересі Мәди Нұргелдіұлының 22 қараша күні «Әскерге ант беру» рәсіміне қатысып қайтты.

– «Әскери қалашық – тәртіптің, ұйымдастырушылықтың және бірліктің үлгісі. Мұнда барлық жағдайлар қарастырылған: жатын бөлмелер, жүріс-тұрыс ережелері, іс-әрекет аймақтары нақты бақылауға алынған, әлімжеттікке жол берілмейді. Осындай орталық жас жауынгерлерге біртұтас жүйеде тәрбие беріп, олардың мемлекетшілдікке, бірлік пен достыққа деген сезімдерін нығайтады. Бұл рәсімнің тек әскери борышты өтеу ғана емес, сонымен бірге жас азаматтарды моральдік адамгершілік тұрғыдан қалыптастыруында ерекше мәнге ие.

Сарбаздардың ант берулерін тамашалаған барлық ата-ана үшін бұл шара ерекше маңызды әрі қуанышты сәт болды. Өйткені әрбір жас азаматтың әскери борышқа адалдықпен атсалысуы – отбасының, ауданның, жалпы қоғамның мақтанышы. Мұндай рәсімдер жастарға Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімді арттыруға, жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік береді. Әскери қызметтің маңызды бөлігі – тек қару-жарақ қолдану емес, сонымен қатар адамгершілік құндылықтарды, бірлік пен татулықты сақтау, қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау.

Мемлекеттің тәуелсіздігін сақтау, аумақтық тұтастығын қорғау – әрбір азаматтың тарихи, құқықтық және моральдық міндеті. Отанды қорғау – абыройлы міндет және ол әрбір жасқа үлгі болуы керек. Жастар үшін бұл рәсім тек әскери міндетті орындау емес, сонымен қатар азаматтық борышын түсіну, ұрпаққа патриоттық құндылықтарды жеткізу жолындағы маңызды қадам болып табылады. Осы жолда татулық пен бірлікті сақтап, әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз қажет» – деп рухтанып, қуанышты көңілімен бөлісті.

Сайрам ауданының тарихи-мәдени мұрасы мен әскери салт-дәстүрлері жастарға патриоттық тәрбиенің берік негізін қалыптастырады. Әскери қалашықтағы тәртіп, ұйымдастырылған орта, бірлік пен достыққа құрылған жүйе – жас буынның өмірлік ұстанымына айналады. Мәди Нұргелдіұлы сияқты жастардың ант беру рәсімі олардың өміріндегі маңызды сәт болып, болашақта елінің қамын ойлайтын, Отанын қорғауға дайын азамат болып өсуіне жол ашады. Мұндай шаралар жастардың рухын көтеріп, олардың бойында патриоттық сезімді, жауапкершілікті, достық пен ынтымақтастықты қалыптастырады.

Сайрам ауданында өткізілген бұл шара тек отбасының емес, жалпы қоғамның патриоттық тәрбиесіне қосқан үлесімен де бағалы. Әскери қызметтің маңызы мен жастарға берер тәлім-тәрбиелік мәні бөлек. Әр жас азамат өз борышын адал орындап, елінің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік алуға дайын болуы тиіс. Осындай рухты жастар – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің кепілі.

Бүгінгі ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті нығайту – ел болашағы үшін аса маңызды. Жастардың әскери ант қабылдауы сияқты шаралар олардың жүрегіне рух, санасына жігер беріп, мемлекет алдындағы жауапкершілікті терең сезінуге жетелейді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі.

Автор: admin