• 28 марта, 2024 8:32 пп

Сайлау-2022: Мейрам Қажыкенді қолдау штабы қалай жұмыс істеп жатыр

Автор:admin

Ноя 10, 2022

20 қарашада өтетін кезектен тыс ҚР Президенті сайлауына кандидат Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмысының барысы таныстырылды. Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің сайлауалды штабының жетекшісі Әбіл Кекілбаев «Atameken Business» телеарнасына сұхбат берді. Айтуынша, кандидат үгіт-насихат науқаны кезінде ел өңірлерін аралап, халықпен кездесулер ұйымдастырылып келеді. Қазір үміткер БҚО жұртшылығымен кездесу өткізіп жүр, одан әрі еліміздің оңтүстік аймағын аралайды. Штаб басшысының мәлімдеуінше, еңбек адамдарымен кездесу барысында ұсыныстар мен өтініштер түсіп жатыр.
Мейрам Қажыкеннің кандидатурасын қолдау бойынша еліміздің 14 өңірінде штаб жұмыс істеп тұр. Қалған аймақтардағы жұмысты кандидаттың сенімді өкілдері атқарады. Олардың саны 140-тан астам.
Сонымен қатар, үгіт-насихат жұмысы көпшілік орындар мен кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар ұжымы арасында ұйымдастырылып жатыр.
Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы Мейрам Қажыкенді «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі атынан Президенттікке кандидат ретінде тіркеді.

Автор: admin