• 23 апреля, 2024 9:21 дп

САЙЛАУДЫҢ ӘДІЛ ӘРІ АШЫҚ ӨТУІНЕ БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛДЫ

Автор:admin

Ноя 21, 2022

 

Міне, еліміздің саяси өміріндегі ең ауқымды шараның бірі — кезектен тыс Президент сайлауы мәресіне жетті. Меніңше, сайлау ұйымдастырылу жағынан, азаматтардың белсенділік танытып, оған қатысып дауыстарын беру жағынан да жақсы деңгейде өтті деп есептеймін.

Өз таңдауымды Түркістан қаласындағы 136-шы сайлау учаскесіне барып, жасадым. Байқаушыларға арналған сайлау кабиналары дұрыс әрі ыңғайлы орналастырылған. Сайлаушыларға қызмет жасаушылардың өз жұмыстарына ұқыпты қарап, сайлаушыларға деген сыпайы және ілтипатты көзқарастары ұнады. Түркістан облысының тұрғындары бұл сайлауда да белсенділік танытты. Өңір тұрғындарының 80 пайыздан астамы дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Бұл дегеніміз — сайлау мәдениетіміздің деңгейі де жаңару жолына түскендігінің оң бағыттағы нышаны деп ойлаймын. Президенттік науқан елдің болашағы туралы нақты көзқарасы бар көшбасшының әділ таңдаумен аяқталды. Қазақстандықтар өздерінің басымдықтарын, алдағы жеті жылда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге болуға дайын екендіктерін нақты атап өтті.

Мемлекет басшысының жеңісі қазақстандық қоғамның таңдалған жолдың дұрыстығына деген шешімнің жетілуін және сабырлы сенімділігін, әділ Қазақстанды құруға бағытталғандығының айқын көрінісі деп ойлаймын.

Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы

Автор: admin