4 маусым – еліміздің тарихындағы ерекше күн. 1992 жылы дәл осы күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бекітілді. Содан бері бұл күн жыл сайын Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтеді, бұл – тәуелсіздігіміздің басты нышандарына деген құрмет пен тағзымның белгісі.
Мемлекеттік рәміздер – жай ғана бейнелер немесе әуендер емес. Олар ұлттың рухын, тарихын, мәдениетін және жарқын болашаққа деген ұмтылысын бейнелейді. Көк түсті Туымыз халқымыздың бейбітшілігі мен пейілінің тазалығын білдіреді. Елтаңбадағы шаңырақ – Қазақстанда тұратын барлық этностардың бірлігі мен тұтастығын көрсетеді. Әнұран бізді ерлікке және Отанға қызмет етуге шабыттандырады.
Ұлттық ұланның әрбір әскери қызметшісі үшін бұл күн ерекше маңызға ие. Біз, Отан қорғаушылары ретінде, күн сайын осы рәміздерге адал болуға ант етеміз. Еліміздің Туы астында қызмет етіп, тұрақтылықты қамтамасыз етеміз, азаматтардың тыныштығы мен бейбіт өмірін қорғаймыз.
6506 әскери бөлімінде, еліміздің басқа да өңірлеріндегі сияқты, бұл күні салтанатты сап түзеу, патриоттық дәрістер, ардагерлермен кездесулер өткізіледі. Біз әрбір жас сарбаздың осы рәміздердің маңыздылығын түсініп, оларды өзінің жеке болмысының ажырамас бөлігі ретінде қабылдауына ұмтыламыз.
Әсіресе, жас ұрпақтың осы рәміздердің мәнін терең түсінуі маңызды. Оларға деген құрметті тәрбиелеу арқылы біз саналы және Отанға адал азаматтарды қалыптастырудың негізін саламыз.
Офицер әрі азамат ретінде менің сенімім: ел рәміздеріне деген құрмет тәрбиеден басталады. Туға, Елтаңбаға және Әнұранға деген көзқарас адамның Отан алдындағы жауапкершілігін қалыптастырады.
Бұл күні біз тек рәміздерге құрмет көрсетіп қана қоймай, еліміз алдындағы жауапкершілігіміз туралы ойланамыз. Біз мемлекеттік белгілері бар форманы мақтанышпен киіп, адал қызмет етуімізді жалғастырамыз, ұжымшылдық рухын және Отанға деген адалдықты нығайтамыз. Ту, Елтаңба және Әнұран бізді әрдайым игі істер мен Отанға қызмет етуге шабыттандырсын.
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын, құрметті отандастар!
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімікомандирінің орынбасары (техника және қару-жарақ жөніндегі)